Кіру

Басты бет

Ұшуға жарамдылық департаменті

Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру

Өтінім беру тәртібі chevron

    Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 197 бұйрығымен бекітілген «Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларының» 8-тармағына сәйкес, азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын алу үшін өтініш беруші «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ресми өтінімді жолдайды.

    Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын алғаш рет алу кезінде ресми өтінімді беруге дейінгі кезең көзделеді.

    Өтінімді беруге дейінгі кезең өтініш берушінің алдын ала жазбаша сұрауынан (ниетінен) басталады. Өтініш беруші жоспарланып отырған техникалық қызмет көрсетуді бастауға мүмкіндігінше ертерек уәкілетті ұйымға жүгінуі тиіс.

    Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі перспективалық ұйымнан жазбаша сұрау келіп түскеннен кейін уәкілетті ұйым тиісті біліктілігі бар авиациялық инспекторлар қатарынан жоба жетекшісін және сертификаттау жөніндегі топты тағайындайды.

    Сертификаттау жөніндегі топ үміткердің жазбаша сұрауын қарайды және ұсынылған ақпарат қабылдауға жарамды деп танылған жағдайда, жоба жетекшісі өтінім беруге дейін өтініш берушімен кездесу өткізуді жоспарлайды.

    Аталған кездесу барысында өтініш беруші рұқсат етілуі мүмкін қызмет салаларына, өтініш беруші ұсынуға тиіс мәліметтерге, сондай-ақ өтінімді қарау кезінде қолданылатын рәсімдерге қатысты толық әрі жан-жақты ақпарат алады. Өтініш берушінің ресми өтінімді беру алдындағы осы кезеңнің өзінде-ақ ресми өтінімді беру үшін талап етілетін құжаттардың нысаны мен мазмұны туралы нақты түсінігі болуы маңызды.

    Өтінімді беруге дейінгі кезең өтініш берушінің және ұсынылып отырған ұйымның қаржылық, экономикалық және құқықтық мәртебесін қатар бағалауды қамтиды. Ұйымның қаржылық орнықтылығы сертификатты беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдау кезінде ең маңызды факторлардың бірі болуы мүмкін. Өтініш беруші барлық қажетті жабдықтарды, құралдарды және персоналды алу үшін, сондай-ақ кіріс көлемі шамалы әрі болжамы қиын болатын бастапқы кезеңдерде қызметті толық көлемде қолдау үшін жеткілікті қаржылық ресурстарға кепілдендірілген қолжетімділікке ие болуы тиіс.

   Қаржылық немесе өзге де ресурстардың жеткіліксіздігі ұшу қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін.

Қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері chevron

    Қағидаларының 7-тармағына сәйкес, азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымын сертификаттау үшін төлем Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 наурыздағы № 177 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы төлемдерді алу қағидаларымен» айқындалған тәртіпте алынады.

    Төлем мөлшері Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 167 бұйрығымен бекітілген «Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы» қағидамен айқындалады.

    Төлемді жүзеге асыру тәртібімен Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің (ҚАӘ) ресми сайтында танысуға болады.

Өтінімге қоса тіркелетін қажетті құжаттар chevron

    Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларының 8-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған өтінім беріледі, және осы Қағидалардың 3-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәлімет беріледі.

  •    азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын алуға/тануға өтінім:
  •    авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның рәсімдері жөніндегі нұсқаудың электрондық көшірмесі;
  •    авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның басшы құрамы туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;
  •    уәкілетті ұйымның қызметі үшін төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
  •    азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін:
  •    еркін нысандағы өтінім;
  •    ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда, азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның бұрын берілген сертификатының электрондық көшірмесі;
  •    уәкілетті ұйымның қызметі үшін төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Осы қызметті көрсету мерзімі chevron

    Қағидалардың 9-тармағына сәйкес, сертификаттау мерзімі өтінім уәкілетті ұйымға келіп түскен күнінен бастап 22 (жиырма екі) жұмыс күнінен аспайды. Авиация инспекторларымен қосымша зерделеуді немесе тексеруді жүргізу қажет болған жағдайларда, қарау мерзімі 22 (жиырма екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы қарау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтінім берушіге хабарланады.

Осы сертификаттың (рұқсаттың) жарамдылық мерзімі chevron

    Қағидалардың 4-тармағына сәйкес, азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификаты екі жылға беріледі.

    Сертификаттың қолданылу саласы өзгерген кезде сертификат бұрын берілген (ағымдағы) сертификаттың қолданылу мерзіміне беріледі.

    Жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін сертификат жарамсыз болып саналады.

Осы қызметті алу үшін қажетті қосымша мәліметтер chevron

    Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын алу үшін ресми өтінім бермес бұрын, өтінім беруші төменде көрсетілген, азаматтық авиация саласын реттейтін нормативтік-құқықтық актілермен танысуы қажет:

  •    Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Заң
  •    Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және оған сертификат беру қағидалары
  •    Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттық талаптар
  •    Әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету кезінде, әуежайларда, азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың, қызметі көрсетілетін қызметтерді ұсыну барысында әуе кемелерінің ұшуын орындаумен байланысты азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталықтарының ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгі нұсқаулықтары
  •    Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасы
Өтінім берілгеннен кейінгі іс-қимылдар chevron

Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру және өтінімді жолдау рәсімі әдетте келесі тәртіпте жүзеге асырылады:

1. Өтініш берушінің ресми өтінімді беруі;

  • Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі

ұйымға сертификат беру туралы ресми өтінім талап етілетін құжаттамамен бірге беріледі. Ол Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 197 бұйрығымен бекітілген «Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларына» сәйкес белгіленген нысан бойынша ұсынылуы тиіс.

  • Уәкілетті ұйым ресми өтінімді өтініш берушінің ұсынылып отырған

қызметті реттейтін нормалар мен қағидалармен таныс екендігін, сәйкестікті айқындау әдістерін көрсетуге дайын екенін және өз ұйымына қатысты егжей-тегжейлі бағалауды жүргізуге әзір екенін растау ретінде қарастырады.

  • Өтінім келіп түскеннен кейін уәкілетті ұйым өтініммен жұмыс істеу үшін жоба

жетекшісін және сертификаттау процесіне қатысу үшін инспекторлар тобын тағайындайды.

2. Құжаттарды бағалау және шешім қабылдау;

  • Құжаттаманы бағалау кезеңі өтініш беруші ұсынған барлық құжаттама мен

нұсқаулықтарды егжей-тегжейлі зерделеуді көздейді және оның мақсаты – қағидаларда талап етілетін барлық аспектілердің қамтылғанын әрі тиісінше ескерілгенін растау болып табылады. Аталған кезең сондай-ақ өтініш берушінің қызметінің ауқымын, сондай-ақ ол ұсынатын авиациялық өнімдер немесе көрсетілетін қызметтердің күрделілігін ескеруі тиіс Ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін (ҰҚБЖ) енгізу жоспарын бағалауды қамтиды.

3. Шешім қабылдау және сертификатты беру (немесе беруден бас тарту).

  • Сертификаттық тексеру авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету

және жөндеу жөніндегі ұйымның мәлімделген қызмет салаларына қатысты жүргізіледі.

Сертификаттық тексеру азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның авиациялық инспекторларға арналған нұсқаулық материалдарын пайдалана отырып жүзеге асырады.

Сертификаттық тексеру барысында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 196 бұйрығымен бекітілген авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттық талаптарына ұйымның сәйкестігін растауға мүмкіндік беретін тексеру рәсімдері іске асырылады.

Осы кезеңде авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның өндірістік базасына тексеру жүргізіледі, сондай-ақ өтініш беруші ұсынған рәсімдердің тиімділігін және сертификаттық талаптарына сәйкес келетін өндірістік база мен жабдықтың нақты бар екенін растау мақсатында техникалық қызмет көрсетуді бақылау және жоспарлау жүйелері тексеріледі. Сонымен қатар персонал мүшелерімен сұхбаттар өткізілуі мүмкін, оның мақсаты – рәсімдердің персоналға жеткізілгенін және олардың түсінікті екенін растау; бұл, ең алдымен, басшылық құрамға, олардың міндеттеріне және сертификаттық талаптарының ережелеріне сәйкес қолданыстағы сапа менеджменті жүйесіне қатысты болады.

4. Шешім қабылдау және сертификатты беру (беруден бас тарту).

  • Сертификаттық тексеру нәтижелері бойынша авиациялық инспекторлар

өтініш берушінің объектілерінің нақты жай-күйін, қорытындыларын, ұсынымдарын және сертификат берудің мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытындыны көрсете отырып, сертификаттық тексеру актісін жасайды. Акт тексеру аяқталғаннан кейін авиациялық инспекторлармен қол қойылып, танысу үшін өтініш берушіге ұсынылады.

Сертификаттық тексеру барысында 1-деңгейдегі сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, уәкілетті ұйым Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамасында белгіленген жағдайлар мен тәртіпке сәйкес сертификатты беруден бас тартады не өтініш беруші анықталған сәйкессіздіктерді жойғанға дейін сертификаттың қолданылуын шектейді.

2-деңгейдегі сертификаттық талаптарға сәйкессіздік анықталған жағдайда, уәкілетті ұйым: анықталған сәйкессіздікті жою үшін оның анықталған күнінен бастап үш айдан аспайтын мерзімді келіседі. Өтініш беруші анықталған сәйкессіздікті жою бойынша 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша түзету іс-қимылдарының жоспарын әзірлеп, сертификаттық тексерудің нәтижелерімен танысқан күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде келісу үшін уәкілетті ұйымға ұсынады; өтініш беруші ұсынған сәйкессіздікті жою шараларын бағалау негізінде түзету іс-қимылдарының жоспарын келіседі не оны негіздемесін көрсете отырып, пысықтауға қайтарады.

Түзету іс-қимылдарының жоспарында көрсетілген мерзім өтініш беруші оны өзгеру қажеттілігі туралы негіздеме ұсынған жағдайда уәкілетті ұйыммен ұзартылуы мүмкін. Осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген мерзімде қабылдауға болатын түзету іс-қимылдарының жоспары ұсынылмаған жағдайда, уәкілетті ұйым сертификатты беруден бас тартады. Қабылдауға болатын түзету іс-қимылдарының жоспары сәйкессіздіктердің себептерін жоюға және олардың қайталануын болдырмауға бағытталған іс-шараларды қамтуы тиіс.

Сертификатты беру (немесе беруден бас тарту) туралы шешім қабылдау кезеңі уәкілетті ұйымның жоба жетекшісі (комиссия төрағасы) бағалау процестерінің барлығы қанағаттанарлық түрде аяқталғанын және өтініш берушінің қолданылатын талаптарға сәйкестігін, сондай-ақ өз міндеттерін қауіпсіз орындау қабілетін көрсеткенін анықтаған сәттен бастап басталады.

Уәкілетті ұйымның жоба жетекшісі авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымына сертификат беру туралы ұсыныммен сертификаттық тексеру актісін дайындауға және сақтауға міндетті.

Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымына сертификат берілгеннен кейін уәкілетті ұйым сол ұйымның сертификаттық талаптарын, сертификатта көрсетілген рұқсаттар мен шектеулерді сақтауын растау мақсатында бақылауды жүзеге асыруға және мерзімді тексерулер жүргізуге жауапты болады.

Осы қызметті алу үшін қосымша ұсыныстар: chevron

    Қызметті алу үшін Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ресми сайтында жарияланған қосымша ұсыныстар:

  •     Техникалық қызмет көрсету туралы куәлікке (пайдалануға рұқсат беру сертификатына) өтініш
  •     Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның рәсімдер жөніндегі нұсқаулығын әзірлеуге арналған әдістемелік ұсынымдар

АТТҚК және АТЖ бойынша сертификатталған ұйымдардың тізімі


АТТҚКжЖҰ сертификаттау


ҰРН әзірлеуге әдістемелік нұсқаулық


Бөлшектерді дайындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулық


Маңызды!

Сұрақтар туындаған жағдайда келесі электрондық пошта мекенжайына хабарласуыңызды сұраймыз: airworthiness@caa.gov.kz

Ой-пікіріңізбен бөлісіңіз! Бұл сайт парағы туралы пікіріңізді келесі мекенжайға жіберіңіз: airworthiness@caa.gov.kz

Тел: +7 (7172) 79-82-37