Авиация персоналының лицензиялауы
Лицензиялау департаменті авиация персоналының куәліктерін беру, тану және верификациялау рәсімдерін жүзеге асырады.
Куәлік – бүл мемлекеттің куәлік иесіне нақты қызмет атқаруға рұқсат беретін құрал. Оның тиісті орындалуы болмаған жағдайда халықаралық авиацияның қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін.
Куәлік берген мемлекет, куәлік иесінің халықаралық деңгейде қолайлы біліктілік деңгейін көрсеткеніне көз жеткізгенінің дәлелі болып табылады.
Авиациялық персоналды лицензиялауға қатысты маңызды ақпарат
Лицензиялау департаменті 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап ұшуларды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкерлерді/ұшу диспетчерлерін кәсіби даярлауды жүзеге асыратын нүсқаушыларды іріктеу, біліктілік сәйкестігі және тағайындау критерийелері орындалуы тиіс деп хабарлайды.
Ұшуларды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкерлерді кәсіби даярлауды жүзеге асыратын нүсқаушыларды іріктеу, біліктілік сәйкестігі және тағайындау критерийелері
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ Лицензиялау департаменті 2023 жылғы 1-шілдеден бастап "Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлем ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 167 бұйрығы қолданысқа енгізілетінін хабарлайды.
Ақылы қызметтердің толық тізімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 24 наурыздағы № 177 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация саласындағы төлемдерді алу қағидаларымен танысу қажет. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 27 наурызда № 32120 тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы төлемдерді алу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы төлемдерді алу қағидаларын бекіту туралы
2022 жылғы 6 ақпаннан бастап әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың және ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкердің (ұшу диспетчерінің) куәліктерін қоспағанда, авиация персоналы куәліктерінің барлық түрлерінің қолданылу мерзімі ондағы біліктілік белгілерінің және (немесе) медициналық қорытындының қолданылу мерзімімен ғана айқындалады.
Осылайша, авиациялық персонал куәліктерінің қолданылу мерзімін ұзарту рәсімі белгілі "авиациялық персоналға куәлік беру"мемлекеттік қызметі шеңберінде әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персонал және ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкер (ұшу диспетчері) үшін ғана жүзеге асырылады.
Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың және ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкердің (ұшу диспетчерінің) куәліктерін қоспағанда, авиация персоналы куәлігінің IX тармағына "the licence validity is restricted by the validity of the ratings and the medical certificate"жазбасы енгізілетін болады.
Куәліктің IX тармағына жоғарыда көрсетілген жазбаны енгізу біліктілік және арнайы белгілердің қолданылу мерзімін енгізуге және ұзартуға құжаттар келіп түсуіне қарай біртіндеп жүзеге асырылады.
Куәліктің IX тармағында аталған жазбасы бар немесе жоқ авиациялық персонал куәлігінің екі үлгісі де осы тармақтағы белгінің қолданыстағы мерзімі болған жағдайда жарамды болып табылады. Өзге жағдайда, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың және ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкердің (ұшу диспетчерінің) куәліктерін қоспағанда, авиациялық персонал куәліктерінің иелері куәліктің IX тармағына тиісті жазбаны енгізу үшін "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ кеңсесіне куәліктің түпнұсқасын қоса бере отырып, еркін нысанда өтініш беруі қажет.
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ-ға ұсынылатын құжаттардың түпнұсқалығын азаматтық авиация ұйымы растайды (куәландырады).
Азаматтық авиация ұйымдарындағы көшірмелерді растау (куәландыру) тәртібі Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министірінің 2023 жылғы 25 тамыздағы №236 бұйрығы бекітілген мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларында айқындалады.
«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Лицензиялау департаменті нормативтік құқықтықактілерге енгізілген өзгерістерге қатысты келесіні хабарлайды.
2025 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрінің2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 750 бұйрығына «Авиациялық персонал куәліктерін беру жәнеолардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларын бекіту туралы» өзгерістер күшіне енді.Негізгі өзгерістер «Авиациялық персонал куәліктерін беру» мемлекеттік қызметін көрсетугеқойылатын негізгі талаптар тізбесіне қатысты қосымша 4, атап айтқанда, әуе кемелерінетехникалық қызмет көрсету бойынша авиациялық персонал куәліктерін беру және біліктілікбелгілерін енгізу талаптарына қатысты.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің (бұдан әрі – Көлік министрлігі) нормативтік құқықтық актілеріне (бұдан әрі – НҚА) өзгерістер мен толықтырулар енгізу қызметі аясында Көлік министрлігі азаматтық авиация саласындағы келесі НҚА-ларға өзгерістер мен толықтырулар енгізді (өзгерістер мәтінімен төмендегі сілтемелер арқылы таныса аласыз):
- «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 6 ақпандағы № 115 бұйрығы;https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2500036262
- «Авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2017 жылғы 31 шілдедегі № 517 бұйрығы;https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2500036393
- «Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 764 бұйрығы;https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2500036625
- «Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 28 қарашадағы № 546 Бұйрығы;https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2500036508
- «Авиация персоналының куәлігін алу үшін адамға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 маусымдағы № 362 бұйрығы;https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2500036480
- «Радиотелефон байланысында пайдаланылатын ағылшын тілін меңгеру деңгейін айқындауға арналған тест қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 748 бұйрығы.https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2500036485
- «Авиациялық персоналдың біліктілік деңгейін айқындауға құқығы бар жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 763 бұйрығы http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1300008786
- «Авиация персоналы куәлiктерiн беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 750 бұйрығы http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1300008782
Куәліктер беру
Авиациялық персоналдың куәліктерін, біліктілік және арнайы белгілерін беру, қолданылу мерзімін ұзарту "Авиациялық персоналына куәліктер беру" мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта Департамент авиациялық персоналдың 17 түрі бойынша куәліктер беруді жүзеге асырады.
Пластик карточка түріндегі куәлікті алу үшін өтініш берушінің цифрлық фотосуретіне және жеке қолтаңба үлгісінің электрондық көшірмесіне қойылатын талаптар
Куәліктерге күш беру
Қазақстан Республикасы шетел мемлекеттері берген авиациялық персоналдың келесі куәліктерін растайды:
1) жеке ұшқыштың (ұшақтың, тікұшақтың, дирижабльдің, көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар әуе кемесінің);
2) коммерциялық авиация ұшқышы (ұшақтың, тікұшақтың, дирижабльдің, көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар әуе кемесінің);
3) көпмүшелі экипаждың (ұшақтың) ұшқышы;
4) желілік пилоттың (ұшақтың, тікұшақтың, көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар әуе кемесінің);
5) еркін аэростат ұшқышы;
6) планер ұшқышы;
7) штурман;
8) бортинженер (бортмеханик);
9) бортрадист;
10) сыртқы пилоттың (ұшақтың, дирижабльдің, планердің, бұранда қанаттың, көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар әуе кемесінің немесе еркін аэростаттың);
11) әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың;
12) ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкер немесе ұшу диспетчері.
Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану тәртібі
Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану шарттары
Куәліктерді растау (верификациялау)
Департамент Қазақстан Республикасы берген авиациялық персоналдың куәліктерінің түпнұсқалығын және жарамдылығын растайды (верификациялайды).
Процедура медициналық сертификаттарды, куәліктерді, авиациялық персоналдың біліктілік және арнайы белгілерін тексеруді қамтиды, нәтижесінде авиациялық персоналдың куәлігін растау (верификациялау) туралы хат беріледі.
Осы қызметті алу үшін өтініш беруші «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ-на еркін түрде өтініш беруі қажет.
