Аспаптар бойынша ұшу схемаларын әзірлеу (PANS-OPS)
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 420 бұйрығымен бекітілген Азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларынның 11-тармағына сәйкес аспаптар бойынша ұшу (ұшып шығу, ұшып келу және қонуға кіру) схемаларын әзірлеуді, сондай-ақ көзбен шолып ұшу карталары мен аэронавигациялық карталарды дайындауды аэронавигациялық ақпаратты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің аэронавигациялық ақпарат қызметі жүзеге асырады.
Себебі аспаптар бойынша ұшу схемаларын әзірлеу аэронавигациялық ақпаратты қамтамасыз ету процесінің бір бөлігі болып табылады «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабына сәйкес мұндай қызмет азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым тарапынан ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бақылауға және қадағалауға жатады.
Аэронавигация департаменті аэронавигациялық қызмет көрсетуді сертификатталған берушілердің жыл сайынғы инспекциялық тексеру (аудит) жоспарына және нұсқаулық материалдарына сәйкес аспаптар бойынша ұшу схемаларын әзірлеу процесін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында аспаптар бойынша ұшу схемаларын әзірлеу «ӘК-лерінің ұшуын орындау. Визуалды ұшу және аспаптар бойынша ұшу схемаларының құрылымы» ИКАО Doc 8168 OPS/611 II том құжатына сәйкес жүзеге асырылады.
Аспаптар бойынша ұшудың өзекті схемаларымен, сондай-ақ көзбен шолып қонуға кіру карталарымен сілтеме бойынша танысуға болады.