Ұшуға жарамдылық департаменті

Ұшу жарамдылығына жауапты тағайындалған басшы
Ұшу жарамдылығын қамтамасыз етуге жауапты тағайындалған басшының кандидатурасы, оның біліктілігі осы лауазымға сай болған жағдайда, Азаматтық әуе кемелерін пайдалану ұйымдарына арналған сертификаттау талаптарының 18-бабы бойынша уәкілетті ұйыммен келісілетін болады.
Ұшу жарамдылығына жауапты тағайындалған басшыны келісу
Ұшу жарамдылығына жауапты тағайындалған басшыны келісу үшін өтінім беруші электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы немесе азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеудің бірыңғай платформасы, «E-otinish» арқылы өтінім жолдайды: Единая платформа приема и обработки всех обращений граждан
Қызмет тегін көрсетіледі.
Ұшу жарамдылығына жауапты тағайындалған басшының түйіндемесі.
Өтінімді қарау мерзімі – Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 76-бабының 1-тармағына сәйкес 15 (он бес) жұмыс күнін алады.
Ескерту: Кодекстің 76-бабының 3-тармағына сәйкес, өтінім негізінде басталған әкімшілік процедураның мерзімі әкімшілік орган басшысының немесе оның орынбасарының негізделген шешімімен ақылға қонымды мерзімге ұзартылуы мүмкін, бірақ екі айдан аспауы тиіс. Бұл әкімшілік істі дұрыс қарау үшін маңызды фактілік жағдайларды анықтау қажеттілігінен жасалады, және әкімшілік процедураға қатысушы мерзім ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.
Ұшу жарамдылығына жауапты тағайындалған басшыны келісу үшін ресми өтінім жібермес бұрын, өтінім беруші азаматтық авиация саласын реттейтін төменде көрсетілген нормативтік-құқықтық актілермен танысуы қажет:
- Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Заң
- Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптыр
Ұшу жарамдылығына жауапты тағайындалған басшыны келісу үшін өтінім беру процедурасы, төменде көрсетілген тәртіпте жүргізілуі тиіс:
- 1) Өтінімді бағалау және шешім қабылдау;
- 2) Шешім қабылдау және нұсқаулықты бекіту (немесе бекітуден бас тарту).
Маңызды!
Сұрақтар туындаған жағдайда келесі электрондық пошта мекенжайына хабарласуыңызды сұраймыз: airworthiness@caa.gov.kz
Ой-пікіріңізбен бөлісіңіз! Бұл сайт парағы туралы пікіріңізді келесі мекенжайға жіберіңіз:
Тел: +7 (7172) 79-82-37