Қазақстан авиациялық әкімшілігінің негізгі құндылықтары, пайымы және миссиясы
Пайымы
Қазақстан авиациялық әкімшілігі – қауіпсіздік пен тиімділік қағидаттарына негізделген азаматтық авиация жүйесінің үлгісі; Қазақстан – адамдарды байланыстыратын және осы мақсатқа жету үшін адами әлеуетті дамытатын ел.
Миссиясы
Қазақстанның табысты дамуына елеулі үлес қоса отырып, қауіпсіз әрі серпінді дамып келе жатқан азаматтық авиация жүйесін дамыту және қолдау.
Негізгі қызмет бағыттары
Өз пайымы мен миссиясын іске асыру үшін Қазақстан авиациялық әкімшілігі бірқатар негізгі стратегиялық функцияларды жүзеге асырады:
- Ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік саласындағы қадағалау – әуе көлігін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге және авиациялық оқиғалардың алдын алуға бағытталған тиімді жүйелер мен қадағалау тетіктерін әзірлеу және енгізу.
- Авиациялық хабты дамытуға қолдау көрсету – халықаралық және ішкі әуе қатынасы желілерін кеңейту және аса маңызды әуежай инфрақұрылымын дамытуға қолдау көрсету.
- Аэронавигациялық қызмет көрсетуге қадағалау жасау – елдегі әуе кеңістігін қауіпсіз әрі жоғары тиімді басқару жүйесін және аэронавигациялық қызметтер көрсетуді қолдау.
- Білім және кадрларды даярлау – авиациялық оқу орындарын, академияларды және қауіпсіздік саласындағы басқа да әріптестерді қолдау.
- Тұрақты даму және инновациялар – азаматтық авиацияның тұрақты экожүйесін қалыптастыру үшін құзыреттер орталықтарын дамытуға бағытталған бастамаларды іске асыру.
Негізгі құндылықтар
Қазақстан авиациялық әкімшілігінің күнделікті қызметі мен стратегиялық шешімдері бес негізгі құндылыққа негізделеді:
- Қауіпсіздік пен авиациялық қауіпсіздік – біздің басымдығымыз.
- Адамдар – біздің шабыт көзіміз.
- Адалдық пен парасаттылық – біздің іс-әрекетіміздің негізі.
- Авиация саласының мүдделі тараптары – біздің басты назарымызда.
- Үздік нәтижеге жету – біздің мақсатымыз.
Қазақстанның авиациялық экожүйесі
- қауіпсіздікті ілгерілету және авиациялық білім беру;
- әуе кеңістігін басқару және ұшқышсыз авиациялық жүйелердің қызметі;
- жалпы мақсаттағы авиацияны дамыту және оның қызметіне қадағалау жасау;
- авиациялық кадрлар мен уәкілетті мамандарды дамыту және олардың қызметіне қадағалау жасау;
- ішкі әуе бағыттарында жұмыс істейтін өңірлік авиакомпанияларды дамыту және олардың қызметіне қадағалау жасау;
- халықаралық авиакомпанияларды дамыту және олардың қызметіне қадағалау жасау;
- әуе жүктерін тасымалдауды дамыту және оның қызметіне қадағалау жасау;
- әуе кемелерін жобалау, өндіру және техникалық қызмет көрсету салаларын дамыту және олардың қызметіне қадағалау жасау.