«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ-ның даму стратегиясы
Біздің миссия:
Қауіпсіз, орнықты және тиімді авиация саласын қамтамасыз ету арқылы Қазақстан экономикасын қолдау үшін ұшу қауіпсіздігін авиациялық қауіпсіздікпен тұрақты бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру болып табылады.
Біздің міндеттеріміз:
• Азаматтық авиация саласы субъектілерінің ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуін тұрақты қадағалау;
• Тиісті авиациялық қызметті жүргізуге куәліктер, сертификаттар немесе рұқсат құжаттарын беру;
• Авиациялық инспекторларды даярлау және олардың біліктілігін қолдау;
• Ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік үшін тәуекелдерді басқаруды қамтамасыз ететін процесті әзірлеу және жүзеге асыру;
• Ұшу қауіпсіздігі және авиациялық қауіпсіздік туралы деректер мен ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету.
Біздің құндылықтарыз:
• Тұтастық: Өз құндылықтары мен қағидаттарын сақтайды, жоғары этикалық стандарттарды ұстанады, ұйым ішінде үйлесімділік пен ортақ көзқарасты қамтамасыз етеді, қызметкерлер арасындағы үйлесімді қарым-қатынасты қолдайды, сондай-ақ шешім қабылдау мен процестерді басқаруда ашықтықты қамтамасыз етеді;
• Жауапкершілік: Барлық жауапкершілікті өзіне алып, қабылдаған міндеттемелерін орындайды. Белгіленген мерзімдерге, құнына және сапа стандарттарына сәйкес, өзінің жауапкершілігіндегі нәтижелерді қамтамасыз етеді. Бағыныштыларды қолдайды, бақылауды қамтамасыз етеді және делегирленген тапсырмалар үшін жауапкершілікті өз мойнына алады;
• Клиентке бағдарлану: Қызмет көрсетілетін барлық тараптардың мүдделерін ескереді және жағдайды тұтынушылардың көзқарасымен қарауға тырысады. Тұтынушылардың сенімі мен құрметіне ие болып, олармен нәтижелі серіктестік қарым-қатынас орнатады және қолдайды. Тұтынушының қажеттіліктерін анықтап, оларды сәйкес шешімдермен ұштастырады. Тұтынушы ортасындағы және одан тыс жерлердегі ағымдағы оқиғаларды бақылап, жағдайдан хабардар болып, ықтимал мәселелерді алдын ала болжайды. Жобалардағы прогресс немесе қиындықтар туралы тұтынушыларды дер кезінде ақпараттандырады. Қызмет көрсету мерзімдерін сақтайды.
• Икемділік: Ішкі және сыртқы ортадағы өзгерістерге тез бейімделеді. Өзгерістерге жаңа технологиялар мен әдістерді қолдану арқылы, сондай-ақ ресурстарды тиімді қайта бөлу арқылы жедел әрекет етеді. Индустрия талаптарына сәйкес өз процестері мен операциялық рәсімдерін тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және қызметтерді сапалы көрсету мақсатында жылдам өзгерте алады.
Стратегиялық бағыттар мен мақсаттар:
• Қазақстанның азаматтық авиация саласына толық бақылау және қадағалау:
Ұшу қауіпсіздігін сертификаттауды, бақылауды және қадағалауды тиімді қамтамасыз ету;
ҚАӘ қызметінің операциялық тиімділігін арттыру;
Адами капиталды дамыту;
ҚАӘ қызметінің цифрлық трансформациясы;
Көрсетілетін қызметтердің сапасын жетілдіру;
Авиация саласындағы Ұлттық жоспарларды іске асыру.
• Орталық Азия мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығыелдерінде (ТМД) көшбасшылық ұстаным:
Еуразиялық аймаққа назар аудара отырып, өңірлік ынтымақтастықты дамыту;
Ұшу қауіпсіздігі, авиациялық қауіпсіздік және тұрақты даму саласындағы ынтымақтастықты дамыту;
Өңірлік озық тәжірибе орталығын дамыту.
• Халықаралық деңгей (ҚАӘ Азаматтық авиацияның 10 ең жоғары ведомствосында болуы):
Халықаралық авиациялық стандарттарға толық сәйкестік (ИКАО, EASA, FAA және т. б.).