Кіру

Басты бет >

Формальдылықты оңайлату департаменті


Қызметінің мақсаты

Формальдылықты оңайлату департаменті жолаушыларға, багажға, жүкке және поштаға қызмет көрсету сапасын бақылауды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының әуежайларында қызметтердің жекелеген түрлерінің қолжетімділігін бақылау, сондай-ақ Формальдылықты оңайлату департаментінің желісі бойынша авиатасымалдау қағидаларын регламенттейтін құжаттарды бақылау болып табылады.

Миссия:

Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға, багажға, жүкке және поштаға қызмет көрсету сапасының жоғары стандарттарымен қамтамасыз ету.

Тапсырмалар:

  • Авиациялық тасымалдарды және азаматтық авиация қызметін реттеу мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;
  • Азаматтық авиация қызметін дамыту мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамалық актілерді жетілдіру бойынша өзгерістер мен ұсыныстар енгізу;
  • Авиатасымалдарды үйлестіру және жетілдіру жөніндегі шараларды іске асыру;
  • Жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру;
  • Қазақстан Республикасының әуежайларында қызмет көрсету сапасы мен қызметтердің қолжетімділігі мәселелері бойынша жолаушылардың өтініштеріне уақтылы ден қою;
  • Қазақстан Республикасының әуежайларында қызметтердің қолжетімділігі мәселелері бойынша шаралар қабылдау;
  • Жолаушыларға қызмет көрсету саласында озық және инновациялық технологияларды енгізу (Өзін-өзі тіркеу, багажды тіркеу, мобильді қосымшалар).