Кіру

Басты бет >
Авиациялық қауіпсіздік департаменті

«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ авиациялық қауіпсіздік департаменті авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады.

ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы №160 бұйрығымен бекітілген әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы бойынша сертификаттау және сертификат беру қағидаларына сәйкес авиациялық қауіпсіздік саласындағы сертификаттауды жүзеге асырады.

Авиациялық қауіпсіздік департаментінің ережесіне сәйкес келесі функцияларды жүзеге асырады:

  1. Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын тәжірибесін енгізу арқылы Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын оның қызметіне заңсыз араласу актілерінен қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
  2. авиациялық қауіпсіздік саласындағы азаматтық авиация ұйымдарында сертификаттау, тексеру, аудиттер, шолулар мен сынақтар жүргізеді;
  3. Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын заңсыз араласу актілерінен қорғауды қамтамасыз ететін заңдардың, қағидалар мен рәсімдердің сақталуына өз құзыретіне сәйкес басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
  4. авиациялық қауіпсіздік қызметінің мамандарын даярлау және қайта даярлау бағдарламасын қарайды және бекітеді, әуежаймен технологиялық байланыстағы әуежайдың, азаматтық авиация ұйымдарының, Қазақстан Республикасының әуежайларында тұрақты ұшуды орындайтын шет мемлекеттердің және Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларының авиациялық қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламаларын келіседі;
  5. мемлекеттік қызметтерді беру, атап айтқанда: әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметін тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификатты ұзарту, тоқтата тұру және кері қайтарып алу және авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар ұшу құрамының, кабина экипажына, ұшуды техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәліктерін береді;
  6. азаматтық авиация ұйымының авиациялық қауіпсіздік жөніндегі персоналға және басқа тұлғаларға жұмысқа рұқсат беру туралы сертификат беру;
  7. авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін регламенттейтін нұсқаулықтардың, қағидалар мен рәсімдердің жобаларын әзірлеу.

Авиациялық қауіпсіздік департаменті құқық қорғау және арнайы органдармен бірлесіп объектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды өткізеді.




Авиациялық қауіпсіздіктің алтын қағидалары


Қол жүгі мен багажды өзіңіз жинаңыз!
Рейске уақытында келіңіз!
Тексеру процедурасын орындаңыз!
Қоғамдық тәртіпті бұзбаңыз!
Электрондық поштаңызға жіберілген ережелерді орындаңыз!


Күдікті келбеті назар аударатын адамдар туралы хабарлаңыз!
Қауіпсіздікті тексеру процедураларына негізсіз қызығушылық туралы хабарлаңыз!
Ерекше мінез-құлық туралы хабарлаңыз!
Күдікті қарым-қатынас туралы хабарлаңыз!
Күдікті қарым-қатынас туралы хабарлаңыз!



Тыйым салынған жерлерде түсіруге жол бермеңіз!
Тексеруден жалтаруға жол бермеңіз!
Заңсыз кіруге жол бермеңіз!
Бөгде заттарды қабылдауға жол бермеңіз!
Қызметтік жағдайды теріс пайдалануға жол бермеңіз!




Бөгде адамдардан пакеттерді қабылдамаңыз!
Дүрбелең тудыратын ақпаратты таратпаңыз!
Қылмыстық топтарға кірмеңіз!
Құпия ақпаратты таратпаңыз!
Жеке заттарыңызды қараусыз қалдырмаңыз!


Кәсіби мамандар тобына қосылыңыз!
Әріптестеріңіздің жұмыс жүктемесін бөліңіз!
Әріптестеріңізге олардың кемшіліктері туралы хабарлаңыз!
Қауіпсіздікті арттыруға үлес қосыңыз!
Жолаушыларға ережелер туралы хабарлаңыз!