Кіру

Басты бет
Пилотсыз авиациялық жүйені есепке қою

Пилотсыз авиациялық жүйесін ұдан әрі - ПАЖ) қалай тіркеуге болады:  қадамдық нұсқаулық

1. Дайындық – техникалық сәйкестік туралы декларацияны келісу
ПАЖ техникалық сәйкестігін растау үшін декларацияны «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ-на тапсыру қажет.
Декларация нысандарына сілтеме:
Формаларды жүктеу
eOtinish арқылы өтінім беру сілтемесі:
eOtinish.kz арқылы өтінім беру


2. Қандай ПАЖ тіркелуге жатады?
2017 жылғы 30 маусымдағы №409 Ережелерге сәйкес, ең жоғары ұшу салмағы 0,25 кг және одан жоғары пилотсыз әуе кемесі бар авиациялық жүйелер, сондай-ақ құпия ақпаратты жинауға қабілетті техникалық құралдармен жабдықталған жүйелер есепке алынады. 750 кг және одан жоғары ұшу салмағы бар ПАЖ мемлекеттік тіркеуге жатады.


Ережеге сілтеме:
2017 жылғы №409 Ереже


3. ПАЖ есепке қою
0,25 кг дейінгі ПАЖ үшін:

  • ЭЦҚ арқылы өтінім беріңіз
  • Егер ПАЖ басқа елде тіркелген болса – есептен шығарылғаны туралы куәлікті тіркеңіз

0,25 кг және одан жоғары ПАЖ үшін:

  • ЭЦҚ арқылы өтінім беріңіз
  • Қоса тіркелетін құжаттар:
    1. Нотариалды куәландырылған сатып алу-сату шарты немесе меншік құқығын растайтын құжат;
    2. Нотариалды куәландырылған жалға алу шарты (болған жағдайда);
    3. Шетелдік тіркеуден шығарылғаны туралы куәлік (болған жағдайда).

4. Өтінімді қалай беру керек?
Декларацияны алғаннан кейін өтінімді eLicense.kz порталы арқылы жіберіңіз.
Қарау мерзімі: 10 жұмыс күні


5. Қандай құжаттар нәтижесінде беріледі?  

  • Есепке қою туралы куәлік 5 жылдық мерзімге немесе жалға алу шартының мерзіміне беріледі. Бұл куәлік тек есепке алу мақсатында беріледі және пайдалану құқығын бермейді. 
  • Борттық нөмірді беру: Борттық нөмір ПАЖ-не 3 немесе 5 жерге жазылады (борттық нөмір судың әсері кезінде нөмірдің сақталуы мен оқылуын қамтамасыз ететін тәсілмен пилотсыз әуе кемесіне кемінде 5 мм қаріппен жазылады). 1,5 кг дейінгі ПАЖ 3 жерде таңбаланады, ал 1,5 кг және одан жоғары салмақтағы ПАЖ 5 жерде таңбаланады.

Борттық нөмірді пилотсыз әуе кемесінің иесі оны пайдалануды бастағанға дейін жазады.


  • Борттық нөмір мынадай ақпаратты қамтиды:

• Қазақстан Республикасына тиесілілік – "Q"; 

• Ең жоғары ұшу салмағының классификаторы; 

• Құрылым түрінің классификаторы; 

• Есептік нөмір 


6. eLicense веб-порталы бойынша қолдау
Портал жұмысы бойынша кеңесті 1414 бірыңғай байланыс орталығынан алуға болады:

  • Телефон (ҚР үшін): 1414
  • Шетелден қоңырау шалу үшін: +7 7172 906 984

Егер портал жұмысында ақау болса, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-ға хабарласыңыз:

Хатта келесі ақпаратты көрсетіңіз:

  • Қызмет атауы, өтінімнің нөмірі мен күні;
  • БСН/ЖСН;
  • Скриншоттар немесе бейнематериалдар;
  • Қате сипаттамасы мен жағдайы.

7. Тіркелмесе не болады?

  • Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 563-бабына сәйкес айыппұл 10 АЕК көлемінде;
  • Әскери немесе Мемлекеттік күзет объектілері үстімен рұқсатсыз ұшқан жағдайда ПАЖ тәркіленуі мүмкін;
  • Қайталанған жағдайда айыппұл мөлшері артуы мүмкін.

Дереккөз: Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі


"Пилотсыз авиациялық жүйені есепке қою" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі chevron

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1. Пилотсыз авиациялық жүйені есепке қою туралы куәлік беру;
2. Пилотсыз авиациялық жүйені пилотсыз авиациялық жүйелердің тізілімінен шығару туралы куәлік беру.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

"электрондық үкіметтің" веб-порталы (сілтеме: Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау )

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Пилотсыз авиациялық жүйені есепке қою туралы куәлік беру - 10 (он) жұмыс күні.

Пилотсыз авиациялық жүйені есепке қою туралы куәлікке өзгерістер енгізу - 10 (он) жұмыс күні.

Пилотсыз авиациялық жүйені есепке қою туралы куәліктің қолданысын ұзарту - 10 (он) жұмыс күні.

Пилотсыз авиациялық жүйені алып тастау туралы куәлік беру-10 (он) жұмыс күні.

Ұсынылған құжаттарға қосымша бағалау жүргізу қажет болған жағдайда қарау мерзімі 5 (бес) жұмыс күніне дейін ұзартылады, бұл туралы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткенге дейін өтініш берушінің "жеке кабинетіне" портал арқылы хабарлама жіберіледі.

4

Мемлекеттік қызметті көрсетудің көрсету нысаны

1. Пилотсыз авиациялық жүйені есепке қою туралы куәлік беру – электрондық (ішінара автоматтандырылған);

2. Пилотсыз авиация жүйені пилотсыз авиация тізілімінен шығару туралы куәлік беру – электрондық (ішінара автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

1. Пилотсыз авиациялық жүйені есепке қою туралы куәлік беру, пилотсыз авиациялық жүйені есепке қою туралы куәлікке өзгерістер енгізу не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;

2. Пилотсыз авиациялық жүйені пилотсыз авиациялық жүйелер тізілімінен шығару туралы куәлік немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

1. Пилотсыз авиациялық жүйені есепке қою туралы куәлік беру мемлекеттік қызметі тегін көрсетіледі.

2. Пилотсыз авиациялық жүйелерді пилотсыз авиациялық жүйелер тізілімінен шығару туралы куәлік беру мемлекеттік көрсетілетін қызметі тегін көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1. Портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);

2. Көрсетілетін қызметті беруші-Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 8.30-дан 17.30-ға дейін.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, пилотсыз авиациялық жүйені есепке қою туралы мәліметтерді уәкілетті ұйым "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Пилотсыз авиациялық жүйені есепке қою туралы куәлікті алу үшін ең жоғары ұшу салмағы 0,25 кг-ға дейін мынадай құжатты қоса бере отырып, ЭЦҚ-мен қол қойылған өтінім беріледі.
1) пилотсыз авиациялық жүйені (пилотсыз авиациялық жүйе шет мемлекеттің есебінде болған жағдайда) шет мемлекеттің есебінен шығару туралы куәлік.

Пилотсыз авиациялық жүйені есепке қою туралы куәлікті алу үшін ең жоғары ұшу салмағы 0,25 кг және одан астам мынадай құжаттарды қоса бере отырып, ЭЦҚ-мен қол қойылған өтінім беріледі:
1) нотариат куәландырған және нотариат куәландырған сатып алу-сату шартының немесе мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде меншік құқығын растайтын өзге де құжаттың электрондық көшірмесі немесе нотариат куәландырған және нотариат куәландырған сатып алу-сату шартының немесе ресми аудармасы бар ағылшын тілінде меншік құқығын растайтын өзге де құжаттың (шетелдік жеке және заңды тұлғалар үшін) электрондық көшірмесі;
2) мемлекеттік және (немесе) орыс тілінде пайдалану құқығын растайтын жалдау, лизинг, мүліктік жалдау шартының, өзге де құжаттың электрондық көшірмесі немесе ресми аудармасымен ағылшын тілінде пайдалану құқығын растайтын өзге де құжаттың (шетелдік жеке және заңды тұлғалар үшін) нотариалды куәландырылған жалдау, лизинг, мүліктік жалдау шартының, электрондық көшірмесі;ілдерінде пайдалану құқығын растайтын жалдау, лизинг, мүліктік жалдау шартының, өзге де құжаттың электрондық көшірмесі немесе ресми аудармасымен ағылшын тілінде пайдалану құқығын растайтын өзге де құжаттың (шетелдік жеке және заңды тұлғалар үшін) нотариалды куәландырылған жалдау, лизинг, мүліктік жалдау шартының, электрондық көшірмесі;
3) пилотсыз авиациялық жүйені (пилотсыз авиациялық жүйе шет мемлекеттің есебінде болған жағдайда) шет мемлекеттің есебінен шығару туралы куәлік.

Ең жоғары ұшу салмағы 0,25 кг дейін Пилотсыз авиациялық жүйені есепке қою туралы куәлікке өзгерістер енгізу үшін ЭЦҚ қойылған өтінім беріледі.

Ең жоғары ұшу салмағы 0,25 кг және одан жоғары пилотсыз авиациялық жүйені есепке қою туралы куәлікке өзгерістер енгізу үшін мынадай құжаттарды қоса бере отырып, ЭЦҚ-мен қол қойылған өтінім беріледі:
1) құрылтай құжатының электрондық көшірмесі (заңды тұлғалар үшін) немесе жеке басын куәландыратын құжаттың (шетелдік жеке тұлғалар үшін)не нотариалды куәландырылған құрылтай құжаттарының (шетелдік заңды тұлғалар үшін) электрондық көшірмелері;
3) мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде пайдалану құқығын растайтын жалдау, лизинг, мүліктік жалдау шартының, өзге де құжаттың электрондық көшірмесі немесе ресми аудармасымен ағылшын тілінде пайдалану құқығын растайтын өзге де құжаттың (шетелдік жеке және заңды тұлғалар үшін) нотариалды куәландырылған жалдау, лизинг, мүліктік жалдау шартының, электрондық көшірмесі;

Пилотсыз авиациялық жүйені есепке қою туралы куәліктің қолданылуын ұзарту үшін үшін мынадай құжаттарды қоса бере отырып, ЭЦҚ-мен қол қойылған өтінім беріледі:
1) мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде пайдалану құқығын растайтын жалдау, лизинг, мүліктік жалдау шартының, өзге де құжаттың электрондық көшірмесі немесе ресми аудармасымен ағылшын тілінде пайдалану құқығын растайтын өзге де құжаттың (шетелдік жеке және заңды тұлғалар үшін) нотариалды куәландырылған жалдау, лизинг, мүліктік жалдау шартының, электрондық көшірмесі;

Пилотсыз авиациялық жүйені пилотсыз авиациялық жүйелер тізілімінен шығару туралы куәлікті алу үшін ЭЦҚ-мен қол қойылған өтінім беріледі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) сенімсіздігін анықтау;

2) өтініш берушінің және (немесе) ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалардың, Заңның талаптарына сәйкес келмеуі;

3) өтініш берушіге қатысты авиациялық қызметке немесе оның жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) бар;

4) өтініш берушіге қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі бар, оның негізінде өтініш беруші есепке қою туралы куәліктерді алуға байланысты арнайы құқығынан айырылады.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурста орналастырылған: "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы www.caa.gov.kz

Көрсетілетін қызметті алушының: ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті;

порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.