1. Жалпы ережелер
Авиациялық медицина департаменті (бұдан әрі – АМД) азаматтық авиация ұйымдарының медициналық тұрғыдан ұшу қауіпсіздігі талаптарын сақтауын азаматтық авиация саласындағы бақылау және қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Өз қызметінде АМД Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, Азаматтық авиация және денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, Халықаралық Азаматтық Авиация Ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасын, сондай-ақ Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарын басшылыққа алады.
Байланыс ақпараты
Авиациялық медицина, авиациялық персоналды медициналық куәландыру, АМО сертификаттау және АМС қызметі мәселелері бойынша Қоғамның Авиациялық медицина департаментіне хабарласыңыз.
Электрондық пошта: medical@caa.gov.kz
Телефон: +7 (7172) 79-82-35
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15, С 2.3 блогы.
Авиациялық медицина саласындағы нормативтік құқықтық актілер, ИКАО стандарттары және техникалық нұсқаулық материалдар туралы қосымша ақпарат «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ ресми интернет-ресурсының тиісті бөлімінде орналастырылған.
Оқуға түсетін және ұшқышқа оқитын адамдарға, жұмыс істеп тұрған кәсіби ұшқыштарға, жеке ұшқыштарға, авиадиспетчерлерге және бортсеріктерге медициналық куәландыруды Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы медициналық куәландыру және қарап-тексеру қағидаларына сәйкес авиациялық медициналық орталықтарда (бұдан әрі – АМО) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым тағайындайтын авиациялық медициналық сарапшылар (бұдан әрі – АМС) жүргізеді.
Медициналық куәландыру кәсіби қызметтің сипатын және медициналық факторлардың ұшу қауіпсіздігіне ықтимал әсерін ескере отырып, кандидаттар мен авиация персоналы куәліктерін иеленушілердің денсаулық жағдайының медициналық жарамдылықтың белгіленген талаптарына сәйкестігін анықтауға бағытталған.
Авиациялық персонал Қазақстан Республикасының сертификатталған АМО базасында қызметін жүзеге асыратын тағайындалған АМС-лардың ішінен медициналық куәландырудан өту үшін АМС-ны таңдауға құқылы. Таңдау AMС біліктілігі мен оған берілген өкілеттіктер, медициналық куәландыру өткізілетін орын және куәландырылатын адамның жеке қалауы ескеріле отырып жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта медициналық куәландыруды Алматы қаласында 6 АМС және Астана қаласында 3 АМС жүргізеді. Медициналық куәландыруды таңдау және жүргізу үшін қол жетімді АМС тізбесі туралы ақпаратты, оның ішінде оларды қабылдау кестесі туралы мәліметтерді тікелей АМО-тан алуға болады.
Тиісті класстағы медициналық сертификат алу мақсатында медициналық куәландырудан өту үшін Қазақстан Республикасының сертификатталған АМО-қа жүгіну қажет:
- Алматы қаласы «Қазаэронавигация» РМК АМО, Б. Майлин көшесі, 38А, байланыс нөмірі 8 727 2573332, жұмыс күндері сағат 8.00-ден 16.00-ге дейін
- Астана қ. «Aero Park» ЖШС АМО, Түркістан көшесі, 8/1, байланыс нөмірі 8 7172 987415, +77754549398, жұмыс күндері сағат 8.00-ден 16.00-ге дейін.
Медициналық куәландыру жүйесінде көзделген АМС таңдау мүмкіндігі медициналық қызметтердің қолжетімділігін, рәсімдердің ашықтығын және авиациялық медицина жүйесіне сенімділікті арттыруға ықпал етеді.
Өтініш беруші медициналық сертификат алуға және/немесе жаңартуға өтініш толтырады. Қол қойылған өтініште өтініш берушіге белгілі және Ұшуды орындау үшін қауіп төндіретін аурулардың жасырылғанын көрсететін дәйексіз фактілер анықталған кезде АМС өтініштің түпнұсқасын ілеспе хатпен бірге әкімшілік шаралар қабылдау үшін уәкілетті органға материалдарды беру үшін уәкілетті ұйымға жібереді.
Медициналық куәландырудың нәтижесі өтініш берушінің денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығына қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын және кәсіби қызметке жіберуді қамтамасыз ететін медициналық сертификат:
- ұшқыштарға, оқуға түсетін және ұшқыштарға білім алатын адамдарға – «1-сыныпты медициналық сертификат» беріледі;
- бортинженерлерге, бортмеханиктерге, штурмандарға, жеке ұшқыштарға, бортрадистерге, бортоператорларға, бортсеріктерге – «2-сыныпты медициналық сертификат» беріледі;
- авиадиспетчерлерге, оқуға түсетін және авиадиспетчерге оқитын адамдарға, сыртқы ұшқыштарға – «3-сыныпты медициналық сертификат» беріледі;
- ЛАиСЛА ұшқыштарына – «ЛАиСЛА Медициналық сертификаты» беріледі.
Медициналық сертификат өтініш берушіге медициналық қорытынды шығарылған күні беріледі, есептің электрондық көшірмесі бағалау жүргізу үшін уәкілетті ұйымға ұсынылады.
Медициналық сертификаттардың иелері AMС-ға денсаулығының жарамдылығын төмендететін факторлар туындаған сәттен бастап дереу хабарлайды, мысалы:
- хирургиялық операцияны немесе инвазивті процедураны жүргізу;
- қандай да бір дәрілік препаратты тұрақты қабылдауды тағайындау;
- авиация персоналының тиісті куәлігінің (бұдан әрі – куәлік) кәсіптік міндеттерін орындауға қабілетсіздігіне әкеп соғатын елеулі зақым алу;
- тиісті куәліктің кәсіптік міндеттерін орындауға қабілетсіздігіне әкеп соғатын ауру;
- жүктілік және босану;
- емдеуге жатқызу;
- бірінші рет түзету линзаларын тағайындау.
АМД авиация персоналын медициналық куәландыруды жүзеге асыратын AMС тағайындаудың белгіленген рәсімдерін іске асыруды қамтамасыз етеді.
Осы бағыт шеңберінде:
- AMС тағайындауға үміткерлердің құжаттарын қарау;
- үміткерлердің біліктілік және кәсіби талаптарға сәйкестігін бағалау;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес AMС тағайындау рәсімдерін ұйымдастыру;
- АМС туралы мәліметтерді жүргізу және жаңарту;
- AMС белгіленген талаптар мен медициналық куәландыру рәсімдерінің сақталуын бақылау;
- AMС қызметін әдістемелік қолдау;
- авиациялық медицина саласындағы мамандардың кәсіби дамуына және біліктілігін арттыруға жәрдемдесу жүзеге асырылады
АМС берілген өкілеттіктер шегінде медициналық куәландыруды жүргізеді, куәландырылатын адамдардың денсаулық жағдайын бағалайды, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес медициналық қорытындылар мен медициналық сертификаттарды ресімдейді.
АМД авиация персоналына медициналық куәландыру жүргізуге арналған АМО сертификаттау жөніндегі қызметті жүзеге асырады.
АМО сертификаттауы ұйымдық құрылымның, кадрлық құрамның, материалдық-техникалық жарақтандырудың, медициналық жабдықтар мен рәсімдердің белгіленген сертификаттау талаптарына сәйкестігін растауға бағытталған.
Осы бағыт аясында АМД:
- АМО сертификатын алуға үміткерлердің өтініштері мен құжаттарын қарайды;
- белгіленген тәртіппен сертификаттық тексерулерді ұйымдастырады және жүргізеді;
- АМО-ның персоналға, үй-жайларға, жабдыққа, медициналық құжаттамаға және медициналық куәландыруды ұйымдастыруға қойылатын талаптарға сәйкестігін бағалайды;
- анықталған сәйкессіздіктерді жоюды бағалауды жүзеге асырады;
- берілген өкілеттіктер шегінде АМО сертификаттарын ресімдеуді және беруді қамтамасыз етеді;
- заңнамаға сәйкес сертификаттардың қолданылуын ұзарту, тоқтата тұру және тоқтату мәселелерін қарайды;
- сертификатталған АМО есебін жүргізеді;
- АМО белгіленген сертификаттау талаптарына сәйкестігінің жүзеге асырады.
АМО қызметі медициналық куәландыру нәтижелерінің объективтілігін, тәуелсіздігін, толықтығы мен дұрыстығын, сондай-ақ медицина қызметкерінің дербес деректері мен құпиясы туралы заңнаманың талаптарын сақтай отырып, медициналық құжаттаманы тиісінше жүргізуді және сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған.
АМД әуежайларда медициналық пункттер мен медициналық тексерулерді ұйымдастыруға әдістемелік қолдау көрсетеді, сондай-ақ азаматтық авиация ұйымдарының қызметін медициналық қамтамасыз етуге қойылатын белгіленген талаптардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
АМД азаматтық авиация жолаушыларына медициналық көмекті ұйымдастыру бөлігінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын іске асыруды әдістемелік қолдау көрсетеді.
Осы бағыттың негізгі мақсаты – азаматтық авиация ұйымдарының жолаушылардың денсаулық жағдайының нашарлауы, шұғыл жағдайлар мен басқа да медициналық оқиғалардың туындау жағдайларына уақтылы ден қоюға дайындығын қамтамасыз ету.
Әуе кемесінің бортында жолаушыларға медициналық көмек көрсету Азаматтық авиациядағы жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Жолаушының өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін жағдай туындаған жағдайда әуе кемесінің экипажы белгіленген рәсімдерге сәйкес әрекет етеді, әуе кемесінің командирін хабардар етеді және жердегі тиісті қызметтермен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.
Жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу және бақылау, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау және әуе кемесінің бортында жұқпалы аурулардың күдікті жағдайлары анықталған кезде әмбебап профилактикалық жиынтықтарды қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Авиациялық медицинаның маңызды бағыты әуе тасымалы процесінде туындайтын қоғамдық денсаулық үшін қауіптердің алдын алу және басқару болып табылады.
АМД Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін және ИКАО тиісті ережелерін ескере отырып, азаматтық авиациядағы санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік жөніндегі талаптарын енгізуді қолдайды.
Негізгі бағыттарға мыналар жатады:
- әуе көлігі арқылы жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу;
- әуе кемесінің бортында жұқпалы ауруларға күдікті жолаушылар анықталған кезде алғашқы эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру;
- азаматтық авиация ұйымдарының қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы оқиғаларға ден қоюға дайындығын қамтамасыз ету;
- авиациялық ұйымдардың денсаулық сақтаудың құзыретті органдарымен өзара іс-қимылын жетілдіру;
- халықаралық ұшуларды орындау кезінде санитарлық және профилактикалық шараларды қолдануды әдістемелік қолдау;
- азаматтық авиацияда қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы оқиғалардың алдын алу және басқару жөніндегі халықаралық бастамаларды іске асыруға қатысу.
Аталған қызметті жүзеге асыру кезінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық медициналық-санитарлық ережелерінің және ИКАО CAPSCA (Азаматтық авиациядағы қоғамдық денсаулық сақтау іс-шараларының алдын алу және басқару бойынша бірлескен келісім) бағдарламасының қолданыстағы ережелері ескеріледі.
АМД азаматтық авиацияны медициналық қамтамасыз етудің ұлттық жүйесін жетілдіруге және оның халықаралық талаптарға сәйкестік деңгейін арттыруға бағытталған авиациялық медицина саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі қызметті жүзеге асырады.
Халықаралық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары:
- авиациялық медицина мәселелері бойынша ИКАО іс-шаралары мен жұмыс кездесулеріне қатысу;
- ИКАО стандарттары мен ұсынылатын практикасын зерттеу және енгізу;
- авиациялық персоналдың медициналық жарамдылығын реттеудің халықаралық тәжірибесін талдау;
- AMС және басқа мемлекеттердің бейінді ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау;
- қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі іс-шараларға қатысу;
- ұшу қауіпсіздігін медициналық қамтамасыз етудің заманауи тәсілдерін енгізуге жәрдемдесу.
Өз қызметінде АМД ИКАО 1-Қосымшасының ережелерін, сондай-ақ 6, 9, 11, 14 және 18-қосымшалардың қолданыстағы ережелерін, ИКАО құжаттарын және авиациялық медицина саласындағы халықаралық нұсқаулықтарды ескереді.
АМД Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы медициналық қамтамасыз етудің жай-күйі туралы ақпаратты жинауды, талдауды және қорытуды жүзеге асырады.
Осы бағыт шеңберінде:
- авиациялық персоналды медициналық куәландыру нәтижелері талданады;
- АМО қызметіне мониторинг жүргізіледі;
- Азаматтық авиация ұйымдарындағы медициналық тексерулер мен медициналық оқиғалар туралы мәліметтер талданады;
- алдын алу және түзету шараларын қабылдауды талап ететін жүйелік мәселелер мен қауіп факторлары анықталады;
- нормативтік реттеу мен ұйымдастыру процестерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленуде;
- авиациялық медицина саласында заманауи ақпараттық технологиялар мен цифрлық құралдарды енгізуге жәрдемдеседі;
- медициналық қамтамасыз ету мәселелері бойынша талдамалық және ақпараттық материалдарды дайындау қамтамасыз етіледі.
АМД қызметі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне және азаматтық авиация саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Негізгі нормативтік құжаттарға мыналар жатады:
- «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV Заңы.
- «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI Кодексі.
- «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында медициналық куәландыру және қарап-тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 5 маусымдағы № 324 бұйрығы (енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен).
- «Авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 маусымдағы № 344 бұйрығы (енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен).
- «Авиациялық медициналық орталықты сертификаттау және сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ авиациялық медициналық орталықтарға қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 16 маусымдағы № 358 бұйрығы (енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен).
- «Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 329 бұйрығы (енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен).
- «Авиация персоналына куәлік беру» Халықаралық Азаматтық авиация туралы конвенцияға 1-қосымша.
- Халықаралық Азаматтық авиация туралы конвенцияға, авиациялық медицина және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы құжаттары мен нұсқаулықтарына басқа қосымшалардың қолданылатын ережелері.
Нормативтік құқықтық актілердің ағымдағы редакциялары «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ ресми интернет-ресурсының тиісті бөлімінде орналастырылған.
АМД авиакомпаниялармен, әуежайлармен, әуе қозғалысына қызмет көрсету ұйымдарымен, АМО, АМС, медициналық ұйымдармен және авиация саласының басқа да қатысушыларымен авиациялық медицина талаптарын сақтау мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
Өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары:
- авиациялық медицина саласында нормативтік құқықтық актілерді қолдану мәселелері бойынша кеңес беру;
- азаматтық авиация ұйымдарының өтініштері мен ұсыныстарын қарау;
- жаңа нормативтік талаптарды енгізуді әдістемелік қолдау;
- жұмыс кеңестеріне, семинарларға және оқыту іс-шараларына қатысу;
- жаңартылған ақпарат пен түсіндірме материалдары тарату;
- кәсіби тәжірибе алмасуға және авиациялық медицинаның озық тәжірибелерін енгізуге жәрдемдесу.