Кіру

Басты бет

Ұшуға жарамдылық департаменті

Радиомен хабарлау аппаратурасын пайдалануға рұқсат беру

Өтінім беру тәртібі chevron

               Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 198 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларының» (бұдан әрі - Қағидалар) 31-1-тармағына сәйкес, радиомен хабарлау аппаратурасын пайдалануға рұқсат алу үшін өтініш беруші «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ресми өтінімді жолдайды.

Өтінімге қоса тіркелетін қажетті құжаттар chevron

               Радиомен хабарлау аппаратурасын пайдалануға рұқсат алу үшін Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларының 8-1 қосымшасында көрсетілген нысан бойынша электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған өтінім беріледі, және осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәлімет беріледі.

Осы қызметті көрсету мерзімі chevron

               Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларының 31-4-тармағына сәйкес, өтінімді қарау және азаматтық әуе кемелерінде орнатылған радиомен хабарлау аппаратурасын пайдалануға рұқсат беру мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.

Осы сертификаттың (рұқсаттың) жарамдылық мерзімі chevron

               Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларының 3-тармағына сәйкес, радиотаратқыш аппаратураны пайдалануға рұқсат – мерзімсіз.

Осы қызметті алу үшін қажетті қосымша мәліметтер chevron

               Радиомен хабарлау аппаратурасын пайдалануға рұқсат алу туралы ресми өтінім бермес бұрын, өтінім беруші төменде көрсетілген, азаматтық авиация саласын реттейтін нормативтік-құқықтық актілермен танысуы қажет:

               Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Заң

               Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидалары

               Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды, мемлекеттік тіркеу қағидалары

Өтінім берілгеннен кейінгі іс-қимылдар chevron

               Радиомен хабарлау аппаратурасын пайдалануға рұқсат алу үшін өтінім берудің және рұқсат берудің тәртібі келесі кезеңдерде жүзеге асырылады:

               1)    Құжаттарды бағалау және шешім қабылдау;

               Құжаттарды бағалау кезеңі өтінім беруші ұсынған барлық құжаттармен егжей тегжейлі танысуды қамтиды. Бұл кезеңде Қағидаларда талап етілген барлық аспектілердің толық қамтылғаны және дұрыс қарастырылғаны тексеріледі.

               2)    Шешім қабылдау және сертификатты беру (немесе беруден бас тарту).

               Өтінімнің Заңға сәйкестігін қарау нәтижесі бойынша авиациялық инспектор уәкілетті ұйым атынан радиотаратқыш аппаратураны пайдалануға рұқсат беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Маңызды!

Сұрақтар туындаған жағдайда келесі электрондық пошта мекенжайына хабарласуыңызды сұраймыз: airworthiness@caa.gov.kz

Ой-пікіріңізбен бөлісіңіз! Бұл сайт парағы туралы пікіріңізді келесі мекенжайға жіберіңіз: airworthiness@caa.gov.kz

Тел: +7 (7172) 79-82-37