Кіру

Басты бет >
Қайтарып алынбайтын өкілеттіктерді мемлекеттік тіркеу


Тіркеуден шығаруға және әкетуге қайтарып алынбайтын өкілеттікке өтінім chevron

Уәкілетті ұйым Қайтарып алынбайтын өкілеттіктерді мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады. Қайтарып алынбайтын өкілеттікті тіркеу үшін пайдаланушы немесе иесі өтініштен басқа мынадай құжаттарды тапсырады:


  1. қайтарып алынбайтын өкілеттікті тіркеуге алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
  2. қайтарып алынбайтын өкілеттіктің нотариалды расталған көшірмесі;
  3. құрылтайшылық құжаттың (шетелдік заңды тұлғалар үшін) көшірмесі немесе жеке басты куәландыратын құжат (шетелдік жеке тұлғалар үшін).


Ұсынылған құжаттар сәйкес келген жағдайда уәкілетті ұйым осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әуе кемесін тіркеуден шығаруға және әкетуге Қайтарып алынбайтын өкілеттікті тіркейді.


Тіркелген Қайтарып алынбайтын өкілеттік бар болған жағдайда, Уәкілетті тарап немесе сенімхаттың негізінде әрекет ететін оның өкілі (бұдан әрі – өкілетті өкіл) әуе кемесін Мемлекеттік тізілімнен шығаруды және әуе кемесін әкетуді талап етуге құқылы жалғыз адам болып табылады. Уәкілетті тарап немесе оның өкілі осындай әрекеттерді тек Қайтарып алынбайтын өкілеттікке және ұшу қауіпсіздігі туралы нормативтік ережелерге сәйкес жасайды.


Қайтарып алынбайтын өкілеттікті борышкер Уәкілетті тараптың жазбаша келісімінсіз қайтарылуы мүмкін емес. Уәкілетті ұйым Қайтарып алынбайтын өкілеттікті Мемлекеттік тізілімнен Уәкілетті тараптың жазбаша келісімінің болуы жағдайында ғана шығарады.

Шығу туралы өтінім chevron

Уәкілетті ұйым әуе кемесін тіркеуден шығару және әкету туралы өтінішті Уәкілетті тарап мынадай құжаттарды тапсырған кезде қанағаттандырады:


  1.  осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайта тіркеу туралы өтініш;
  2.  Қайтарып алынбайтын өкілеттік немесе оның нотариалды расталған көшірмесі;
  3. Уәкілетті тараптың тіркелген кепілдігінің алдында кезектілік тәртібімен есепте тұрған барлық тіркелген халықаралық кепілдіктердің қанағаттандырылуының растамасы (Халықаралық тіркелім берген сертификат немесе осындай халықаралық кепілдіктердің барлық иелерінің жазбаша растамасы нысанында) немесе халықаралық кепілдіктердің барлық иелерінің тіркеуден шығаруға және әкетуге жазбаша келісімі;
  4. мүдделі адамдардың 10 (он) жұмыс күні бұрын жазбаша түрде алдын ала хабарландырылуының растамасы (егер Уәкілетті адам сот актісінің негізіндегіден басқаша тіркеуден шығаруға және әкетуге әрекет етсе);
  5. әуе кемесінен таным белгілерін алып тастау туралы актісі және оны растайтын фотосуреттер;
  6. құрылтайшылық құжаттың (шетелдік заңды тұлғалар үшін) көшірмесі немесе жеке басты куәландыратын құжат (шетелдік жеке тұлғалар үшін).


Құжаттарды қарау оң нәтижелері кезінде уәкілетті ұйым Уәкілетті тарапқа 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес әуе кемесін шығару туралы куәлік береді.


Тану белгілерін алып қою туралы акті ерікті нысанда жасалады, құрамына Уәкілетті тарап немесе оның өкілетті өкілі, әуе кемесінің иесі немесе пайдаланушысы және әуе кемесі орналасатын аэродромның немесе өзге бөтен ұйымның өкілі кіретін комиссияның мүшелері қолдарын қояды. Қайтарып алынбайтын өкілеттікті берген әуе кемесінің меншік иесі немесе пайдаланушысы комиссияға қатысудан немесе актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда, акт оның қатысуынсыз жасалады және қол қойылады.


Уәкілетті ұйым әуе кемесінің қайта тіркелуі туралы хабарламаны Қайтарымсыз өкілеттікті берген әуе кемесінің иесіне немесе пайдаланушысына жібереді. Қайтарымсыз өкілеттікті берген меншік иесі немесе пайдаланушы хабарламаны алған кезден бастап 10 (он) жұмыс күнінің ішінде уәкілетті ұйымына мынадай құжаттарды береді:


  1. мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
  2. азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификаты;
  3. жергілікті жердегі шуылдар жөніндегі сертификат;
  4. радиостанцияға рұқсат.