Кіру

Басты бет >
Аэронавигация департаменті


«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» ақ аэронавигация департаменті Қазақстан Республикасындағы аэронавигациялық қызмет көрсетуді, сондай-ақ аэронавигациялық қызмет көрсету саласындағы ұлттық заңнама талаптарының сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 384 бұйрығымен бекітілген аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау және сертификат беру қағидаларына сәйкес аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерді сертификаттауды жүзеге асырады.

Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын беру жөніндегі қызмет "Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы" веб-порталы арқылы келесі сілтеме бойынша көрсетіледі.

Аэронавигация департаментінің ережесіне сәйкес аэронавигациялық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды сертификаттаудан басқа мынадай функцияларды жүзеге асырады:

- әуе қозғалысын ұйымдастыру мен оған қызмет көрсетуді (ATS), аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз етуді (AIS), картографияны (MAP), ұшу рәсімдерінің дизайнын (PANS-OPS), ұшуларды метеорологиялық қамтамасыз етуді (MET), ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз етуді және авиациялық қауіпсіздікті тұрақты қадағалау бағдарламасын (мерзімді тексерулер жоспарын) әзірлеу және орындау ұшуларды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуге (SAR), сондай-ақ аэронавигациялық қызмет көрсететін азаматтық авиация ұйымдарында ұшу қауіпсіздігін басқару жүйелерінің жұмыс істеуіне (SMS);

- ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларда әуе кеңістігін пайдаланатын немесе аэронавигациялық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың іс-әрекеттеріне ден қою шараларын қабылдау.

Қазақстан Республикасының аэронавигациялық ақпарат жинағымен (AIP) сілтеме бойынша таныса аласыз www.ans.kz/ru/ais/eaip. AIP Қазақстан Республикасының халықаралық және Ұлттық әуеайлақтары бойынша барлық қажетті ақпаратты қамтиды.

Сыныпталмаған әуеайлақтар мен тікұшақ айлақтары бойынша ақпаратты сілтеме бойынша алуға болады
www.ans.kz/AIP/Aerodromes/AD/AD/html_ru/UA-frameset-en-KZ.html..