Кіру

Басты бет

Ұшуға жарамдылық департаменті

Шетелдік авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдардың сертификатын тану

Шетелдік авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдардың сертификатын тану туралы шешім беру

Өтінім беру тәртібі chevron

Сертификатты тану туралы Шешімді алу үшін өтініш беруші өтінімді электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы немесе «E-otinish» арқылы жолдайды: Азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы

Қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері chevron

Қызмет тегін көрсетіледі.

Өтінімге қоса тіркелетін қажетті құжаттар chevron

Сертификатты тану туралы Шешімді алу үшін өтініш беруші уәкілетті ұйымға «Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларының» 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу (АТ ТҚ және Ж) жөніндегі ұйымның сертификатын алу/тану туралы өтінімді жолдайды.

Сертификатты тану туралы өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

  • шетелдік ұйымның сертификатының көшірмесі;
  • АТ ТҚ және Ж жөндеу жөніндегі ұйымның рәсімдер (процедуралар) жөніндегі нұсқаулығы (МОЕ), қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде.
Осы қызметті көрсету мерзімі chevron

Сертификатты тану рәсімін жүзеге асырудың және Сертификатты тану туралы Шешімді берудің жалпы мерзімі 22 (жиырма екі) жұмыс күнін құрайды.

Қосымша зерделеу, тексеру немесе қажетті ақпаратты алу үшін қосымша уақыт қажет болған жағдайда, сертификатты тану туралы өтінімді қарау мерзімі 22 (жиырма екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін. Бұл туралы өтініш берушіге өтінімді қарау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарланады.

Осы сертификаттың (рұқсаттың) жарамдылық мерзімі chevron

Шетелдік ұйымның сертификаты уәкілетті ұйыммен оның қолданылу мерзімі бойына танылады.

Сертификатты тану туралы Шешім бүлінген немесе жоғалған (ұрланған) жағдайда, көрсетілген құжаттың қолданылуы тоқтатыла тұрады.

Сертификатты тану туралы Шешімнің телнұсқасын алу үшін өтініш беруші уәкілетті ұйымға еркін нысанда өтінім жолдайды.

Осы қызметті алу үшін қажетті қосымша мәліметтер chevron

АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның сертификатын тану туралы ресми өтінім бермес бұрын, өтініш беруші төменде көрсетілген, азаматтық авиация саласын реттейтін нормативтік-құқықтық актілермен танысуы қажет:

  • Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Заң
  • Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және оған сертификат беру қағидалары
  • Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттық талаптар
  • Әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету кезінде, әуежайларда, азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың, қызметі көрсетілетін қызметтерді ұсыну барысында әуе кемелерінің ұшуын орындаумен байланысты азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталықтарының ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгі нұсқаулықтары
  • Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасы
Өтінім берілгеннен кейінгі іс-қимылдар chevron

АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның сертификатын тану туралы өтінімді беру және тану рәсімін жүзеге асыру, әдетте, төменде көрсетілген кезектілікпен жүргізіледі:

  • Өтінімді бағалау және шешім қабылдау;

Өтінімді бағалау өтініш беруші ұсынған ақпаратпен жан-жақты танысуды көздейді және Қағидаларда көзделген барлық аспектілердің қамтылғанын әрі тиісті түрде ескерілгенін растау мақсатында жүргізіледі.

  • Өндірістік базаны бағалау;
  • Шетелдік АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымдарына шығу арқылы тексеру жүргізу

мынадай жағдайларда талап етілмейді:

  • жеңіл және аса жеңіл әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде;
  • Еуропалық Одақтың авиациялық қауіпсіздік агенттігі (EASA) немесе EASA-ға мүше мемлекеттердің және Ұлыбританияның авиациялық билік органдары сертификаттаған ұйымдарда кезеңдік техникалық қызмет көрсету кезінде.
  • Шешім қабылдау және тануды беру (немесе беруден бас тарту).
  • Өтінімді Заң талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарау нәтижелері бойынша

уәкілетті ұйымның авиациялық инспекторы азаматтық авиацияның АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның сертификатын тану туралы немесе танудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

  • Уәкілетті ұйым мынадай жағдайларда өтініш берушіге Сертификатты тану

туралы Шешімді беруден бас тартады:

  • Сертификатты тану туралы Шешімді алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық емес екені белгіленген кезде;
  • өтініш берушінің және (немесе) Сертификатты тану туралы Шешімді беру үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің мен мәліметтердің осы Қағидаларда немесе сертификаттау талаптарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

Пайдалануға рұқсат


Шетелдік мемлекеттер берген АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымдардың танылған сертификаттарының тізімі


Маңызды!

Сұрақтар туындаған жағдайда келесі электрондық пошта мекенжайына хабарласуыңызды сұраймыз: airworthiness@caa.gov.kz

Ой-пікіріңізбен бөлісіңіз! Бұл сайт парағы туралы пікіріңізді келесі мекенжайға жіберіңіз: airworthiness@caa.gov.kz

Тел: +7 (7172) 79-82-37