Кіру

SEC2026 Жаһандық симпозиум ИКАО авиациялық қауіпсіздік аптасы 2026 20–22 қазан
Астана
→
Басты бет
Бос орындар
Бос лауазымға орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

"Қазақстан авиациялық әкімшілігі" АҚ бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеу ашық және айқын конкурстық рәсімдер негізінде жүзеге асырылады.


Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға қолма-қол (Астана қ., Мәңгілік ел көшесі, 55/15, С.2.3 блогы) немесе vacancy@caa.gov.kz электрондық пошта арқылы келесі құжаттар ұсынады:


  1. қоса берілген құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысуға өтінім;
  2. кадрлық есепке алу бойынша толтырылған жеке парағы және қызметтік тізім (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы мен байланыс телефондарын көрсете отырып);
  3. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  4. лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
    ("Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленген Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар мен зертханалар берген, сондай-ақ өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданылу аясына түсетін білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдік білім беру ұйымдарында алған білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген білім туралы осы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі.       "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмелеріне "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқу бітіргені туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.       Өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданылу аясына түсетін білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген білім туралы осы құжаттарды тану туралы анықтамалардың көшірмелері қоса беріледі;)
  5. еңбек қызметін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері (еңбек өтілі бар адамдар үшін);
  6. қойылатын талаптарға сәйкес арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуын растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
  7. денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша денсаулығы туралы анықтама;
  8. сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтарды беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, бұрынғы жұмыс орны басшылығының ұсыныстары) ұсынады.


Конкурсқа қатысушылардың біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау нәтижелері бойынша бастапқы іріктеуден өткен үміткерлерге конкурс комиссиясы өткізетін әңгімелесудің күні мен уақыты туралы хабарланады.


Конкурсқа қатысу бойынша шығыстарды (әңгімелесу өтетін жерге бару және кері қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, барлық түрдегі байланыс қызметтерін пайдалану) кандидаттар өз қаражаты есебінен жүргізеді.


Байланыс. тел.: 8 (7172) 798224

Лицензиялау департаментінің Лицензиялау басқармасының авиациялық инспекторы chevron
Міндеттер:

1. Авиациялық персонал куәліктерін беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларын айқындайтын нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес "авиациялық персоналға куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша өтініш берушінің құжаттарын тексеруді жүзеге асырады.

2. Шет мемлекет берген куәлікті тану мақсатында өтініш берушінің құжаттарын тексеруді жүзеге асырады.

3. Қазақстан Республикасы Азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық персонал мәселелері жөніндегі өтініштерін, хаттарын және өтінішхаттарын қарайды.

4. Біліктілік және арнайы белгілерді беру, ұзарту, енгізу үшін авиация персоналының куәліктерін, сондай-ақ куәліктерге қосымшаларды толтырады.

5. Авиация персоналының құжаттамасын, оларды дайындау және куәліктерін жүргізу бөлігінде инспекциялық тексерулер жүргізуге қатысады.

Талаптар:

1) Техникалық ғылымдар және технологиялар (авиациялық техника және технологиялар; ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарын ұшу арқылы пайдалану; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану) мамандығы бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі және сатып алынған авиациялық мамандық бойынша кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі не жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және авиациялық персоналды лицензиялау бойынша расталған білімі болуы лицензиялау жөніндегі мемлекеттік инспектордың сертификаты;

2) авиация индустриясындағы жұмыс тәжірибесі кемінде бес жыл;

3) ұйымда іс қағаздарын жүргізу үшін талап етілетін тілдерді (қазақ, орыс), сондай-ақ тереңдетілген ағылшын тілін (қызмет бағыты бойынша кәсіптік терминология) білу.

4) мынадай құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, парасаттылық, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, шешімдер қабылдау, Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.


Құжаттарды қабылдау мерзімі 2026 жылғы 09 Қазан

Құжаттарды қабылдау мерзімі 2025 жылғы 17 қазанға дейін.
Емтихан қызметі басқармасынің авиациялық инспекторы chevron
Міндеттер:

Авиациялық персоналды даярлау және біліктілік деңгейін айқындау саласындағы бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізеді, емтихан қызметіне бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады, тест тапсырмалары Банкінің өзектілігін келіседі және қадағалайды, емтихан алушыны тағайындауға немесе оның өкілеттігін ұзартуға кандидаттардың құзыретіне бағалау жүргізеді, хат алмасу мониторингін жүзеге асырады және біліктілік емтиханын өткізу үшін емтихан алушыларды тағайындау бөлігінде құжаттаманы келіседі, емтихан алушылардың біліктілік емтихан алушылардың қызметі бөлігінде инспекциялық және сертификаттық тексерулер жүргізу.

Талаптар:

1. Техникалық ғылымдар және технологиялар (ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарын ұшуда пайдалану) мамандығы бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім және сатып алынған авиациялық мамандық бойынша кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі не жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім және авиациялық мамандық бойынша кәсіптік даярлық және сатып алынған авиациялық мамандық бойынша кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі;

 2. Ұшу экипаждары үшін нұсқаушылар курстарын және ұшу экипаждары үшін емтихан алушылар курстарын сәтті аяқтағаны туралы қолданыстағы сертификаттардың болуы;

3. Ұшу экипажы (ATPL)мүшесінің куәлігі бар немесе болған;

4. Тағайындалған емтихан алушының жұмыс тәжірибесі кемінде екі жыл;

5. Авиациялық персоналдың куәліктерін беруге және емтихан алушылардың қызметіне байланысты Қазақстан Республикасының авиациялық заңнамасын білу;

6. ИКАО стандарттары мен ұсынымдары мен рәсімдерін, сондай-ақ сертификаттармен расталатын авиациялық персонал куәліктерін беру және емтихан қызметі саласындағы басқа да халықаралық құжаттарды білу;

 7. Ұйымда іс қағаздарын жүргізу үшін талап етілетін тілдерді, сондай-ақ ағылшын тілін білу (Қызмет бағыты бойынша кәсіби терминология).

8. Мынадай құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабардар етуге бағдарлану, парасаттылық, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.


Құжаттарды қабылдау мерзімі 2026 жылғы 02 Қазан