Ұшуға жарамдылық департаменті

Әуе кемесінде түрлендіру (модификация) және жөндеу жұмыстарын орындау
Барлық түрлендіру мен жөндеулер үлгі конструкцияға жауапты ұйымдармен келісіледі. Ірі түрлендірулер (модификация) мен ірі жөндеулердің орындалуы әуе кемесі тіркелген мемлекеттің уәкілетті органы тарапынан бекітіледі. Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарының 50-тармағына сәйкес, пайдаланушы (эксплуатант) осындай деректерді сақтауды қамтамасыз етеді.
Ірі түрлендіру (модификация) мен ірі жөндеуді орындауды бекіту
Ірі түрлендіру және ірі жөндеу жұмыстарын орындауды бекіту үшін өтініш беруші өтінімді электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы немесе азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеудің бірыңғай платформасы «E-otinish» арқылы жолдайды: Азаматтырдың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Ірі түрлендіру және ірі жөндеу жұмыстарын орындауды бекіту үшін белгіленген нысан бойынша өтінім беріледі, оған құжаттар қоса тіркеледі, олардың тізбесі өтінім нысанында көрсетілген.
Өтінімді қарау мерзімі – Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 76-бабының 1-тармағына сәйкес 15 (он бес) жұмыс күнін алады.
Ескерту: Кодекстің 76-бабының 3-тармағына сәйкес, өтінім негізінде басталған әкімшілік процедураның мерзімі әкімшілік орган басшысының немесе оның орынбасарының негізделген шешімімен ақылға қонымды мерзімге ұзартылуы мүмкін, бірақ екі айдан аспауы тиіс. Бұл әкімшілік істі дұрыс қарау үшін маңызды фактілік жағдайларды анықтау қажеттілігінен жасалады, және әкімшілік процедураға қатысушы мерзім ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.
Ірі түрлендіру және ірі жөндеу жұмыстарын орындауды бекіту туралы хабарламаның қолданылу мерзімі шектелмейді.
Ірі түрлендіру және ірі жөндеу жұмыстарын орындауды бекіту туралы ресми өтінімді бермес бұрын өтініш беруші төменде көрсетілген, азаматтық авиация саласын реттейтін нормативтік-құқықтық актілермен танысуы қажет:
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Заң
Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидалары
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы нормалары
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және оларды жөндеу қағидалары
Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптар
Ірі түрлендіру және ірі жөндеу жұмыстарын орындауды бекітуге өтінімді беру және бекітуді беру (немесе беруден бас тарту) рәсімі, әдетте келесі тәртіпте жүзеге асырылады:
Өтінімді бағалау және шешім қабылдау;
Өтінімді бағалау өтініш беруші ұсынған ақпаратпен жан-жақты танысуды көздейді және ол қағидаларда көзделген барлық аспектілердің қамтылғанын әрі тиісті түрде ескерілгенін растау мақсатында жүргізіледі.
Шешім қабылдау және бекітуді беру (немесе беруден бас тарту).
Өтінімді Заң талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарау нәтижелері бойынша уәкілетті ұйымның авиациялық инспекторы ірі түрлендіру (модификацияны) және ірі жөндеу жұмыстарын орындауды бекіту туралы не бекітуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Ірі түрлендіру (модификация) және ірі жөндеу жұмыстарын орындауды бекіту туралы өтінім
Маңызды!
Сұрақтар туындаған жағдайда келесі электрондық пошта мекенжайына хабарласуыңызды сұраймыз: airworthiness@caa.gov.kz
Ой-пікіріңізбен бөлісіңіз! Бұл сайт парағы туралы пікіріңізді келесі мекенжайға жіберіңіз: airworthiness@caa.gov.kz
Тел: +7 (7172) 79-82-37