Кіру

Басты бет >
Мемлекеттік тізілімнен шығару


Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі chevron

Мемлекеттік тізілімнен азаматтық әуе кемесі шығару үшін шарттар:


  1. әуе кемесі есептен шығарылған немесе пайдаланудан алып тасталған;
  2. әуе кемесі шет мемлекетке, шетелдік жеке немесе заңды тұлғаға сатылған немесе берілген;
  3. азаматтық әуе кемесін Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерінің тізілімінде немесе шет мемлекеттердің тізілімінде тіркелген;
  4. мүліктің ауыртпалығы болған жағдайларды қоспағанда, күнтізбелік пайдалану мерзімі әуе кемесі шығарылған күннен бастап қырық жылдан асатын, бір жылдан астам ұшуға жарамдылығының жарамды сертификаты болмаған;
  5. әуе кемесі хабарсыз жоғалып кеткен деп танылған;
  6. қайтарылмайтын өкілеттікті атқарған жағдайларда Мемлекеттік тізілімнен шығарылады.

Кепілдегі әуе кемесін Мемлекеттік тізілімнен шығару кепіл ұстаушының келісімімен жүзеге асырылады.


Азаматтық әуе кемелерін Мемлекеттік тізілімнен шығарған кезде өтініш беруші уәкілетті ұйымның электрондық поштасына мынадай құжаттарды ұсынады:

(әуе кемесін тіркеуден шығару жағдайларын қоспағанда)


  1. осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімнің электрондық көшірмесі немесе осы Қағидаларға  6-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кейіннен алып тастай отырып, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті "UN" ұлттық тану белгісінен "UP" мемлекеттік және тіркеу тану белгісіне ауыстыруға өтінімнің және "UN" ұлттық тану белгісімен мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасының электрондық көшірмесі;
  2. әуе кемесінің меншік құқығының шет мемлекетке (жеке, заңды тұлғаға) өткендігін растайтын құжат немесе әуе кемесін Мемлекеттік тізілімнен шығаруға мүмкін жағдайлар қарастырған өзге де құжат немесе олардың электрондық көшірмелері;
  3. меншік иесі Қазақстан Республикасының бейрезиденті болған жағдайда жеке тұлғаның тұлғаны куәландыратын құжаттарының немесе өтініш иесі – Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасының (куәліқ) электрондық көшірмесі;
  4. әуе кемесі кепілде тұрған жағдайда кепіл ұстаушының оның тізілімнен шығарылуына жазбаша келісімінің электрондық көшірмесі;
  5. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 9 наурыздағы № 123 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6868 болып тіркелген) әуе кемелерін есептен шығару қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептен шығарып тастау актісінің электрондық көшірмесі (әуе кемесі есептен шығарылған кезде);
  6. әуе кемесін кәдеге жарату туралы құжаттардың электрондық көшірмесі немесе олардың көшірмелері (әуе кемесі есептен шығарылған кезде);
  7. әуе кемесінен айырым белгілерді алып тастау туралы актісінің электрондық көшірмесі және оны растайтын фотосуреттер (әуе кемесін есептен шығару жағдайларын қоспаған кезде).
Талаптар chevron

Айырым белгілері бойынша:


Айырым белгілерді алып тастау туралы актісі әуе кемесінің иесі немесе пайдаланушысы және әуе кемесінің тұрақтау әуеайлағының өкілі кіретін комиссия мүшелерінің қол қоюы арқылы еркін нысанда жазылады.


Қайтару және жою бойынша:


Мемлекеттік тізілімнен шыққанға дейін Мемлекеттік тізілімнен шығуы туралы куәлікті (бұдан әрі – Шығу туралы куәлік) уәкілетті ұйым:


  1. әуе кемесінен мемлекеттік және тіркеу-айырым белгілері алып тасталғандығын растау мақсатында тексеруді;
  2. азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бұрын берген құжаттардың түпнұсқаларын қайтаруді;
  3. әуе кемесінің мекенжайының жойылғандығы фактісін тексеру жүзеге асырады.


Егер әуе кемесі Пайдаланушы сертификатының (Авиациялық жұмыстарды орындау куәлігінің) қосымшасына енгізілген жағдайда ол Мемлекеттік тізілімнен осы әуе кемесі Пайдаланушы сертификатының (Авиациялық жұмыстарды орындау куәлігінің) қосымшасынан шығару рәсімі аяқталғанға дейін шығарылмайды.


Кепілде тұрған әуе кемесі бойынша:


Кепілде тұрған әуе кемесін Мемлекеттік тізілімнен шығару үшін кепіл ұстаушының оның тізілімнен алып тасталуына жазбаша келісімі қоса беріледі.

Егер кепіл халықаралық кепілдіктермен тіркелмеген болса, бұл тармақ әуе кемесін тіркеуден шығару кезінде қолданылмайды.

Шығаруға өтінім chevron

Азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінен шығару туралы куәлік


Ұсынылған құжаттар сәйкес келген кезде уәкілетті ұйым өтініш берушіге 30.06.2017 жылғы 409 қағиданың 7-қосымшасы сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінен шығару туралы куәлік береді.