Кіру

Басты бет

Ұшуға жарамдылық департаменті

Үлгі сертификатын тану

             Азаматтық әуе кемесі Қазақстан Республикасы Азаматтық әуе кемелерінің Мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Заңының 43-бабының 2-тармағына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның үлгі сертификаты жарамды деп тануы болған жағдайда тіркеледі.

            Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Заңының  43-бабының 6-тармағына сәйкес шет мемлекет әуе кемелерін сертификаттауды жүзеге асыратын азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйым берген үлгі сертификатын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидаларында белгіленген тәртіппен таниды. 

Үлгі сертификатын тануды беру  

Өтінім беру тәртібі chevron

             Үлгі сертификатын тану туралы шешім алу үшін өтініш беруші өтінімді электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы немесе азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеудің бірыңғай платформасы «E-otinish» арқылы жолдайды: Азаматтырдың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы

Қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері chevron

             Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Өтінімге қоса тіркелетін қажетті құжаттар chevron

             Үлгі сертификатын тану үшін өтініш беруші өтінімге келесі құжаттарды қосады:

             -    Үлгі сертификатының өзекті нұсқасы;

             -    Үлгі сертификатына арналған деректер картасының өзекті нұсқасы.

Осы қызметті көрсету мерзімі chevron

             Өтінімді қарау мерзімі – Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 76-бабының 1-тармағына сәйкес 15 (он бес) жұмыс күнін алады.

             Ескерту: Кодекстің 76-бабының 3-тармағына сәйкес, өтінім негізінде басталған әкімшілік процедураның мерзімі әкімшілік орган басшысының немесе оның орынбасарының негізделген шешімімен ақылға қонымды мерзімге ұзартылуы мүмкін, бірақ екі айдан аспауы тиіс. Бұл әкімшілік істі дұрыс қарау үшін маңызды фактілік жағдайларды анықтау қажеттілігінен жасалады, және әкімшілік процедураға қатысушы мерзім ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.

Осы сертификаттың (рұқсаттың) жарамдылық мерзімі chevron

             Үлгі сертификатын тану мерзімсіз болып табылады.

             Ескерту: Егер осы үлгі сертификатын берген шетелдік мемлекет сертификатты тоқтатса немесе кері қайтарса, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берген үлгі сертификатын тану туралы шешім күшін жояды (жарамсыз болады).

Осы қызметті алу үшін қажетті қосымша мәліметтер chevron
Өтінім берілгеннен кейінгі іс-қимылдар chevron

              Үлгі сертификатын тану рәсімі, әдетте, төменде көрсетілген реттілікпен жүзеге асырылады:

              -    Өтінім мен тіркелген құжаттарды тексеру;

              -    Тіркелген құжаттардың Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидаларының 19-тармағына сәйкестігін бағалау;

              -    Бағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдау;

              -    Үлгі сертификатын тану туралы шешімді немесе негізделген бас тартуды рәсімдеу.

Қызметті алу үшін қосымша ұсыныстар chevron

              Төменде өтініш беруші Қазақстан Республикасында танылған үлгі сертификаттарының тізімімен таныса алады.

Танылған үлгі сертификаттарының тізімі 


Маңызды!

Сұрақтар туындаған жағдайда келесі электрондық пошта мекенжайына хабарласуыңызды сұраймыз: airworthiness@caa.gov.kz

Ой-пікіріңізбен бөлісіңіз! Бұл сайт парағы туралы пікіріңізді келесі мекенжайға жіберіңіз: airworthiness@caa.gov.kz

Тел: +7 (7172) 79-82-37