Кіру

Басты бет

Ұшуға жарамдылық департаменті

Минималды жабдықтың тізімі (MEL)

             Коммерциялық әуе тасымалдарын жүзеге асыратын пайдаланушы (эксплуатант), сондай-ақ ең жоғары сертификатталған ұшу салмағы 5700 кг-нан асатын ұшақтарды және ең жоғары сертификатталған ұшу салмағы 3175 кг-нан асатын тікұшақтарды пайдаланатын пайдаланушы (эксплуатант) минималды жабдықтың тізімін (MEL) әзірлеуге және оны Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларының 64-тармағына сәйкес уәкілетті ұйымда бекітуін қамтамасыз етуге міндетті.

Минималды жабдықтың тізімін (MEL) бекіту

Өтінім беру тәртібі chevron

       Минималды жабдықтың тізімін (MEL) бекіту үшін өтінім беруші электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы немесе азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеудің бірыңғай платформасы, «E-otinish» арқылы өтінім жолдайды: Азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы

Қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері chevron

     Қызмет тегін көрсетіледі.

Өтінімге қоса тіркелетін қажетті құжаттар chevron

       Ұйымның басшысы қол қойған, минималды жабдықтың тізімі (MEL).

Қызмет көрсету мерзімі chevron

          Өтінімді қарау мерзімі – Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 76-бабының 1-тармағына сәйкес 15 (он бес) жұмыс күнін алады.

          Ескерту: Кодекстің 76-бабының 3-тармағына сәйкес, өтінім негізінде басталған әкімшілік процедураның мерзімі әкімшілік орган басшысының немесе оның орынбасарының негізделген шешімімен ақылға қонымды мерзімге ұзартылуы мүмкін, бірақ екі айдан аспауы тиіс. Бұл әкімшілік істі дұрыс қарау үшін маңызды фактілік жағдайларды анықтау қажеттілігінен жасалады, және әкімшілік процедураға қатысушы мерзім ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.

Қызмет алу үшін қажетті қосымша мәліметтер chevron

       Минималды жабдықтың тізімін (MEL) бекіту үшін ресми өтінім жібермес бұрын, өтінім беруші азаматтық авиация саласын реттейтін төменде көрсетілген нормативтік-құқықтық актілермен танысуы қажет:

  •     Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және оларды жөндеу қағидалары
  •     Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидалары
Өтінім жолдағаннан кейінгі келесі қадамдар chevron

       Минималды жабдықтың тізімін (MEL)бекіту үшін өтінім беру процедурасы, төменде көрсетілген тәртіпте жүргізілуі тиіс:

  •      1. Өтінімді бағалау және шешім қабылдау;
  •      2. Шешім қабылдау және тізімді бекіту (немесе бекітуден бас тарту).

Маңызды!

Сұрақтар туындаған жағдайда келесі электрондық пошта мекенжайына хабарласуыңызды сұраймыз: airworthiness@caa.gov.kz

Ой-пікіріңізбен бөлісіңіз! Бұл сайт парағы туралы пікіріңізді келесі мекенжайға жіберіңіз:

airworthiness@caa.gov.kz

Тел: +7 (7172) 79-82-37