Кіру

Басты бет > >

Жаһандық авиациялық қауіпсіздік жоспары

2016 жылдың қыркүйек айында ИКАО Ассамблеясының 39-сессиясы делегаттары болашақ авиациялық қауіпсіздік саясаты мен бағдарламаларының негізі ретінде жаһандық авиациялық қауіпсіздік жоспарын (ЖАҚЖ) жедел әзірлеу қажеттілігімен келісті. ИКАО-ның авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы (ICASS) КЕШЕНДІ СТРАТЕГИЯСЫН алмастыратын ЖАҚЖ халықаралық деңгейде келісілген басым іс-қимылдар, міндеттер мен мақсаттар кешенін ұсыну арқылы мемлекеттер мен саланың авиациялық қауіпсіздік деңгейін арттыру жөніндегі күш-жігерге басшылық етудегі қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.

ЖАҚЖ мемлекеттердің, саланың, мүдделі тараптардың бірлесіп жұмыс жасауларына және ИКАО-ның бүкіл әлемде авиациялық қауіпсіздік деңгейін арттыру және бес негізгі маңызды нәтижелерге қол жеткізуге негіз қамтамасыз етеді, атап айтқанда: а) қауіп-қатерлер туралы хабардарлықты жақсарту және оларға әрекет ету; b) авиациялық қауіпсіздік мәдениетін және адамның мүмкіндіктерін дамыту; c) техникалық ресурстарды кеңейту және инновацияларды тарту; d) сапаны қадағалау мен бақылауды жетілдіру; e) ынтымақтастық пен қолдауды дамыту.

"Қауіпсіздік" №17-қосымшасын енгізу деңгейін арттыру мақсатында жоспар жаһандық, өңірлік және ұлттық деңгейлерде, сондай-ақ сала өкілдерін және барлық басқа мүдделі тараптарды іс-қимылға шақырады; оның мемлекеттерге осыған қатысты қолдау көрсету қабілетін нығайту үшін ИКАО тарапынан белсенді күш-жігер талап етіледі.

Жоспардың маңызды бөлігі 2019 жылы ИКАО Ассамблеясының 40-шы сессиясын өткізгенге дейін мақсаттарды белгілейтін 5 негізгі басым нәтижеге қол жеткізуге бағытталған 32 іс-қимыл шеңберінде 94 міндетті қамтитын, оны іске асырудың жол картасы болып табылады. Әрбір міндет үшін көрсеткіштер жиынтығы және іске асырудың жоспарлы мерзімі көзделген. Бұл жол картасы "нақты" құжат болып табылады және мерзімді түрде қайта қаралып, қажет болған жағдайда авиациялық қауіпсіздіктің жаңа және туындайтын қатерлерін ескере отырып түзетілетін болады.

https://www.icao.int/Security/Pages/Global-Aviation-Security-Plan.aspx


Қауіпсіздік мәдениеті

Мәдениет - бұл ұйымның күнделікті қызметіне тән нормалар, сенімдер, құндылықтар, көзқарастар мен болжамдардың жиынтығы. Олар ұйымның барлық бөлімшелері мен қызметкерлерінің әрекеттері мен мінез-құлқынан өз көрінісін табады. Қауіпсіздік мәдениеті де осы іспеттес. Қауіпсіздік – бұл әр адамның жауапкершілігі - басынан бастап жоғарыдан төменге дейін және ол ұйым қызметінің барлық салаларына енгізілуі керек.

Осы және басқа практикалық тәсілдер туралы қосымша ақпаратты қауіпсіздік мәдениетіне арналған келесі веб-сайттан табуға болады: https://www.icao.int/Security/Security-Culture/Pages/default.aspx.

Авиациялық қауіпсіздік мәдениеті жылын өткізуді қолдау мақсатында ИКАО авиацияда берік және тиімді қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдесу жөніндегі іс-шаралардың жаһандық бағдарламасын әзірлейді, ол практикумдар, семинарлар өткізуді, қауіпсіздік мәдениеті мәселелері бойынша әдістемелік материалдар мен құралдарды дайындауды қамтитын болады.

https://www.icao.int/Security/Security-Culture/Pages/default.aspx


ИКАО EUR/NAT авиациялық қауіпсіздік тобы (ENAVSECG)

ИКАО EUR/NAT авиациялық қауіпсіздік тобы (ENAVSECG) 2012 жылы аймақтық деңгейде авиациялық қауіпсіздікті нығайту және авиациялық қауіпсіздік саласындағы барлық мүдделі тараптар арасындағы ынтымақтастықты күшейту мақсатында мемлекеттердің талабы бойынша және Еуропадағы авиациялық қауіпсіздік жөніндегі Өңірлік конференцияның (Мәскеу, Ресей Федерациясы 2011 жылғы 22 қарашада) бірлескен мәлімдемесіне сәйкес құрылды.

https://www.icao.int/EURNAT/Pages/welcome.aspx