Кіру

SEC2026 Жаһандық симпозиум ИКАО авиациялық қауіпсіздік аптасы 2026 20–22 қазан
Астана
→
Басты бет
Уәкілетті ұйым кепіл туралы шарттарды және (немесе) оларға қосымша келісімдерді мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады.

Тіркеу үшін әуе кемесінің кепіл берушісі немесе кепіл ұстаушысы өтініштен басқа мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. әрбір салық салу обьектісі үшін азаматтық әуе кемесінің кепілі және ипотеканы тіркегені үшін алым төленгендігін растайтын құжаттың көшірмесі;
  2. азаматтық әуе кемесінің кепілі немесе ипотекасы туралы шарттың және оған қосымша келісімнің 3 данада көшірмесі;
  3. құрылтайшылық құжаттың көшірмесі (шетелдік заңды тұлғалар үшін) немесе жеке басты куәландыратын құжат (шетелдік жеке тұлғалар үшін).

Ұсынылған құжаттар сәйкес болған жағдайда уәкілетті ұйым кепіл туралы шартты және/немесе оған қосымша келісімшарттарының мемлекеттік тіркеуін жүзеге асырады.

Төлемдер бөліміне өту

eOtinish арқылы өтініш беру

Құжаттардың түпнұсқаларын келесі мекенжайға жіберуіңізді сұраймыз: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 үй, С 2.3 блогы.