Кіру

Басты бет

Ұшуға жарамдылық департаменті

Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу (АТ ТҚ және Ж) жөніндегі ұйымның рәсімдері (процедуралар) жөніндегі нұсқаулығы (МОЕ)

Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу (АТ ТҚ және Ж) жөніндегі ұйымның рәсімдері (процедуралар) жөніндегі нұсқаулығын бекіту

Өтінім беру тәртібі chevron

Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу (АТ ТҚ және Ж) жөніндегі ұйымның рәсімдері (процедуралар) жөніндегі нұсқаулығын бекіту үшін өтініш беруші өтінімді электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы немесе «E-otinish» арқылы жолдайды: Азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы

Қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері chevron

Қызмет тегін көрсетіледі.

Өтінімге қоса тіркелетін қажетті құжаттар chevron

Ұйымның басшысы қол қойған АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның рәсімдері (процедуралар) жөніндегі нұсқаулығы.

Осы қызметті көрсету мерзімі chevron

Өтінімді қарау мерзімі – Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 76-бабының 1-тармағына сәйкес 15 (он бес) жұмыс күнін алады.

Ескерту: Кодекстің 76-бабының 3-тармағына сәйкес, өтінім негізінде басталған әкімшілік процедураның мерзімі әкімшілік орган басшысының немесе оның орынбасарының негізделген шешімімен ақылға қонымды мерзімге ұзартылуы мүмкін, бірақ екі айдан аспауы тиіс. Бұл әкімшілік істі дұрыс қарау үшін маңызды фактілік жағдайларды анықтау қажеттілігінен жасалады, және әкімшілік процедураға қатысушы мерзім ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.

Осы қызметті алу үшін қажетті қосымша мәліметтер chevron

АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның рәсімдері (процедуралар) жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы ресми өтінім бермес бұрын, өтініш беруші төменде көрсетілген, азаматтық авиация саласын реттейтін нормативтік-құқықтық актілермен танысуы қажет:

  • Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Заң
  • Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және оған сертификат беру қағидалары
  • Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттық талаптар
Өтінім берілгеннен кейінгі іс-қимылдар chevron

АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның сертификатын тану туралы өтінімді жіберу және оны бекіту процедурасы, төменде көрсетілген тәртіпте жүргізілуі тиіс:

  • Өтінімді бағалау және шешім қабылдау;
  • Шешім қабылдау және нұсқаулықты бекіту (немесе бекітуден бас тарту).

ҰРН әзірлеуге әдістемелік нұсқаулық


Бөлшектерді дайындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулық

Маңызды!

Сұрақтар туындаған жағдайда келесі электрондық пошта мекенжайына хабарласуыңызды сұраймыз: airworthiness@caa.gov.kz

Ой-пікіріңізбен бөлісіңіз! Бұл сайт парағы туралы пікіріңізді келесі мекенжайға жіберіңіз: airworthiness@caa.gov.kz

Тел: +7 (7172) 79-82-37