Кіру

Басты бет > >

Авиациялық оқиғалар туралы деректерді ерікті түрде ұсыну жүйесі ұшу қауіпсіздігі деңгейін арттыру мақсатында ерікті хабарламалардың көмегімен ұшу қауіпсіздігі саласындағы үрдістер мен оқиғалар туралы ақпарат алуға бағытталған. Егер сіз ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіретін қауіпті немесе қауіпті тәжірибені байқасаңыз, бізге ерікті хабарлама нысанын толтырып, жібере аласыз.

Азаматтық авиация саласындағы ұшу қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламаның 44-тармағына сәйкес (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 наурыздағы №136 Қаулысы) «ұсынылған деректерді өңдеу ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен арттырудан басқа, ақпаратты өзге мақсаттарда пайдалануды болғызбау ниетімен жүзеге асырылуға тиіс және әділ мәдениетті іске асыру мақсатында хабарлаушы адамның және авиациялық жағдайлар туралы есептерде аталған адамдардың жеке басының құпиялылығын тиісті түрде қамтамасыз етуге тиіс».

Осы нысан арқылы жіберген ақпарат Сіздің жеке басыңыздағы, атыңыздағы және байланыс ақпараттарыңыздағы деректерді қорғауды ескере отырып өңделетініне кепілдік береміз. 

Еңбек қатынастары мәселелері, сіз бен басқалар арасындағы немесе үшінші тұлғалар арасындағы даулар немесе әуәкомпанияға немесе әуежайға қызмет көрсету туралы пікірлер сияқты ұшу қауіпсіздігінен тыс мәселелер туралы хабарлау үшін ерікті есеп беру нысанын пайдаланбаңыз.

Хабарлау жауапкершілікпен және адалдықпен жасалуы керек. Жеке тұлғаларға немесе ұйымдарға зиян келтіруге бағытталған жалған немесе беделін түсіретін хабарламалар жасамаңыз.

Маңызды ескерту: Авиациялық оқиғалар, ауыр оқиғалар және тергеуге жататын оқиғалар сияқты авиациялық оқиғалар туралы хабарламалар осы нысан арқылы емес, авиациялық оқиғалар туралы деректерді міндетті түрде ұсыну жүйесі арқылы ұсынылуы тиіс.

Ерікті хабарламаны жіберу үшін қажетті іс әрекеттер:

  1. Сізге ыңғайлы тілде жеткізу нысанын жүктеп алыңыз:


KAZ: Ерікті түрде жеткізу нысаны

RUS: Форма добровольного донесения

ENG: Voluntary reporting form


  1. Ерікті түрде жеткізу нысанын толтырыңыз;

Егер хабарлама құпия болса толтырылған нысанды confidential.report@caa.gov.kz эл. пошта мекенжайына жіберіңіз, ал егер сіз кері байланыс үшін байланыс деректерді бергіңіз келсе safety@caa.gov.kz эл. пошта мекенжайына жіберіңіз.