Кіру

Басты бет

Ұшуға жарамдылық департаменті

Азаматтық әуе кемесі данасын сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне куәлік беру

Өтінім беру тәртібі chevron

                Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 19 шілдедегі № 483 бұйрығымен бекітілген «Жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларының» (бұдан әрі - Қағидалар) 8-тармағына сәйкес, азаматтық әуе кемесі данасының ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкестігі туралы куәлікті алу үшін өтінім беруші «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ресми өтінімді жолдайды.

Қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері chevron

                Қағидалардың 42-тармағына сәйкес, төлем Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 наурыздағы № 177 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы төлемдерді алу қағидаларымен» айқындалған тәртіпте алынады.

                Төлем мөлшері Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 167 бұйрығымен бекітілген «Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы» қағидамен айқындалады.

                Төлемді жүзеге асыру тәртібімен Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің (ҚАӘ) ресми сайтында танысуға болады.

Өтінімге қоса тіркелетін қажетті құжаттар chevron

                Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 19 шілдедегі № 483 бұйрығымен бекітілген «Жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларының» 31-тармағын негізге ала отырып, өтініш беруші осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес «Азаматтық әуе кемесі данасының сәйкестік куәлігін беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көзделген құжаттар топтамасын ұсынады.

                Жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы, сондай-ақ авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлік туралы мәліметтер, уәкілетті ұйыммен «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынады.

                Азаматтық әуе кемесі данасының ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкестігі туралы куәлікті алу үшін осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес қол қойылған өтініммен бірге мынадай құжаттар беріледі:

                1) уәкілетті ұйымның қызметі үшін ақы төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

                2) әуе кемесі данасының пайдалану құжаттамасы жиынтығының электрондық көшірмесі;

                3) әуе кемесі данасының спецификациясының электрондық көшірмесі, онда қысқаша техникалық сипаттама, жүйелердің принциптік схемалары, негізгі сипаттамалар, сондай-ақ әуе кемесінің данасы сертификатталатын болжамды пайдалану шарттары мен шектеулері көрсетілуге тиіс;

                4) әуе кемесі түрлерінің үш проекциядағы электрондық көшірмесі немесе әртүрлі бұрыштардағы цифрлық фотосуреттер: алдыңғы, бүйір, артқы;

                5) әуе кемесін немесе құрастыру жиынтығын, қозғалтқышты, бұранданы, агрегаттар мен жинақтаушы бұйымдарды сатып алудың заңдылығын растайтын бастапқы төлем құжаттарының электрондық көшірмелері.

Осы қызметті көрсету мерзімі chevron

                Қағидалардың 35-тармағына сәйкес өтінімді қарау мерзімі және азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестігі туралы куәлікті беру жалпы мерзімі өтінім уәкілетті ұйымға түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.

                Ұсынылған құжаттарды қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болғанда қарау мерзімі 10 (он) жұмыс күніне дейін ұзартылады, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтініш берушінің порталдағы "жеке кабинетіне" хабарлама жіберіледі.

Осы сертификаттың (рұқсаттың) жарамдылық мерзімі chevron

                Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестігі туралы куәлік мерзімсіз негізде беріледі.

Осы қызметті алу үшін қажетті қосымша мәліметтер chevron

                Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігі туралы куәлікті алу үшін ресми өтінім бермес бұрын, өтінім беруші төменде көрсетілген, азаматтық авиация саласын реттейтін нормативтік-құқықтық актілермен танысуы қажет:

                Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Заң

                Жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидалары

                Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы нормалары

Өтінім берілгеннен кейінгі іс-қимылдар chevron

                Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігі туралы куәлікті беру үшін өтінімді беру және оны рәсімдеу процесі, әдетте, төменде көрсетілген кезектілік бойынша кезең-кезеңімен жүзеге асырылады:

                Өтініш берушінің ресми өтінімді ұсынуы;

                Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігі туралы куәлікті беру жөніндегі ресми өтінім қажетті құжаттаманы қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 19 шілдедегі № 483 бұйрығымен бекітілген жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларында белгіленген нысан бойынша ұсынылуы тиіс.

                Құжаттаманы бағалау және шешім қабылдау;

                Өтініш беруші Қағидаларда көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, құжаттар Заң талаптарына сәйкестігіне тексерілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде авиациялық инспектор арқылы тартылған коммерциялық емес ұйымдарға жолданады.

                Құжаттаманы бағалау өтініш беруші ұсынған барлық құжаттармен егжей-тегжейлі танысуды көздейді және оның мақсаты – Қағидаларда талап етілетін барлық аспектілердің қамтылғанын және тиісті түрде ескерілгенін растау болып табылады.

                Сертификаттық тексеруді жүргізу;

                Техникалық комиссия сертификаттық зерттеп-қарауды Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамасын біркелкі қолдану мақсатында уәкілетті ұйым әзірлеген нұсқаулық материалды (АӘК данасын техникалық зерттеп-қарау бағдарламасы, АӘК ұшу сараптамасының бағдарламасы, азаматтық әуе кемесі данасының ұшу сараптамасының хаттамасы) пайдалана отырып жүргізеді.

                Шешім қабылдау және куәлікті беру (беруден бас тарту).

                Сертификаттық тексеру нәтижесінде коммерциялық емес ұйым азаматтық әуе кемесі данасының техникалық жағдайын бағалау және ұшуға жарамдылығын айқындау актісін рәсімдейді. Актідегі ақпаратқа өтініш берушінің объектілерінің нақты жағдайы, қорытындылар, ұсыныстар және азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігі туралы куәлікті беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды енгізіледі. Акт рәсімделіп, коммерциялық емес ұйыммен қол қойылған соң, өтініш берушіге танысу үшін беріледі.

                Азаматтық әуе кемесінің техникалық жағдайын бағалау және ұшуға жарамдылығын айқындау актісінде оң қорытынды болған жағдайда, уәкілетті ұйым азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігі туралы куәлікті рәсімдейді.

Маңызды!

Сұрақтар туындаған жағдайда келесі электрондық пошта мекенжайына хабарласуыңызды сұраймыз: airworthiness@caa.gov.kz

Ой-пікіріңізбен бөлісіңіз! Бұл сайт парағы туралы пікіріңізді келесі мекенжайға жіберіңіз: airworthiness@caa.gov.kz

Тел: +7 (7172) 79-82-37