Кіру

Басты бет >
Мемлекеттік тізілімге және мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке өзгерістер енгізу


Мемлекеттік қызмет стандарты chevron

Мемлекеттік тізілімге және мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке өзгерістер енгізуді уәкілетті ұйым:

 

  1. азаматтық әуе кемесінің меншік иесі (иеленушісі);
  2. азаматтық әуе кемесін пайдаланушысы;
  3. азаматтық әуе кемесінің қайта жабдықталуына байланысты оның мақсаты;
  4. оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін өтініш беруші өтініш жасаған кезде Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің қолданылу мерзімі өзгерген жағдайларда портал арқылы жүзеге асырады.


Көрсетілетін қызмет стандарты


1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы
2 Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері ( қол жеткізу арналары) порталда
3 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 20 (жиырма) жұмыс күні.
"Бір өтініш" қағидаты бойынша қызметті көрсету мерзімі 25 жұмыс күнін құрайды, оның ішінде:
  • Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді беру мерзімі 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды;
  • шуыл бойынша әуе кемесінің сертификатын беру және (немесе) радиомен хабарлау аппаратурасын пайдалануға рұқсат беру мерзімі - 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.
4 Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны Электрондық (толық автоматтандырылған) / "Бір өтініш" қағидаты бойынша қызмет көрсетілуі.
5 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке өзгерістер енгізу не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) / "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін.
6 Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Сертификаттау үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алым алынады.
Азаматтық әуе кемесін тіркеу үшін алым мөршерлемелері:
  • азаматтық әуе кемелерін қайта тіркегені үшін – алым төленген күні қолданыстағы 7 айлық есептік көрсеткіш.
Алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол емес нысанда, сондай-ақ "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады.
7 Жұмыс кестесі
  1. портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
  2. көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
8 Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
  1. өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
  2. өтініш берушінің және (немесе) ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына, ұшуға жарамдылығы нормаларына, Заңға сәйкес келмеуі;
  3. өтініш берушіге қатысты қызметті немесе көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
  4. өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде өтініш беруші көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылуы.
9 Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған:
  • Министрліктің – www. miid. gov. kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі, "Азаматтық авиация комитеті" бөлімі;
Көрсетілетін қызметті алушы мыналарды алуға мүмкіндігі бар:
  • ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету;
  • порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі chevron

Азаматтық әуе кемесінің меншік иесі және (немесе) пайдаланушысы өзгерген кезде:


  1. әуе кемесін мемлекеттік тіркеуге өтінім;
  2. құрылтай құжатының (заңды тұлғалар үшін) электрондық көшірмесі немесе жеке басты куәландыратын құжаттың (шетелдік жеке тұлғалар үшін) не нотариалды куәландырылған құрылтай құжаттарының (шетелдік заңды тұлғалар үшін) электрондық көшірмелері);
  3. мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде меншік құқығын растайтын сатып алу-сату шартының немесе өзге де құжаттың электрондық көшірмесі немесе нотариалды куәландырылған сатып алу-сату шартының немесе ресми аудармасы бар ағылшын тілінде меншік құқығын растайтын өзге де құжаттың электрондық көшірмесі (шетелдік жеке және заңды тұлғалар үшін);
  4. әуе кемесіне ортақ меншік құқығындағы үлесті әуе кемесіне меншікке қатысушы болып табылмайтын тұлғаға сату кезінде (үлестік меншік кезінде) үлестік меншікке қатысушылардың жазбаша келісімін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі);
  5. жалдау, лизинг, мүліктік жалдау шартының, әуе кемесін мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде пайдалану құқығын растайтын өзге де құжаттың электрондық көшірмесі немесе нотариалды куәландырылған жалдау, лизинг, мүліктік жалдау шартының, әуе кемесін ағылшын тілінде пайдалану құқығын растайтын өзге де құжаттың ресми аудармасы бар электрондық көшірмесі (шетелдік жеке және заңды тұлғалар үшін);
  6. азаматтық әуе кемесін қабылдау-тапсыру актісінің электрондық көшірмесі;


Әуе кемесінің мақсаты өзгерген кезде, оны қайта жабдықтағаннан кейін:


  1. әуе кемесін мемлекеттік тіркеуге өтінім;
  2. азаматтық әуе кемесін қайта жабдықтау құқығына арналған құжаттардың электрондық көшірмесі;
  3. азаматтық әуе кемесін қайта жабдықтау бойынша жүргізілген жұмыстар актісінің электрондық көшірмесі;
  4. осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру актісінің электрондық көшірмесі;
  5. құрылтай құжатының (заңды тұлғалар үшін) электрондық көшірмесі немесе жеке басты куәландыратын құжаттың (шетелдік жеке тұлғалар үшін) не нотариат куәландырған құрылтай құжаттарының (шетелдік заңды тұлғалар үшін) электрондық көшірмелері қоса беріледі.