«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV Заңының 92-1-бабына сәйкес авиация персоналы және азаматтық және эксперименттік авиация пайдаланушылары мен ұйымдарының өзге де қызметкерлері ұшу қауіпсіздігі үшін елеулі қауіп төндіретін авиациялық оқиғалар туралы хабарлауға міндетті.
Авиациялық оқиғалар туралы деректерді міндетті түрде ұсыну жүйесі арқылы жүзеге асырылатын авиациялық оқиғалар санаттары, сондай-ақ осы санаттағы авиациялық оқиғалар туралы деректерді ұсынатын адамдардың тізбесі Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 505 жыл (бұдан әрі - Қағидалар) бұйрығымен бекітілген Азаматтық және эксперименттік авиацияда деректерді ұсыну мен авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларында белгіленеді.
Деректерді міндетті түрде ұсыну жүйесі арқылы хабарлауға жататын азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғалардың санаттары Қағидалардың 25-қосымшасында және 26-қосымшасында айқындалған.
Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тергеп-тексеруді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның көліктегі оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаменті жүзеге асырады.