Кіру

Басты бет > >
Формальдылықты жеңілдету бөлімі

Операциялық орталық

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі базасында операциялық орталық жұмыс істейді.

Операциялық орталықтың негізгі функциялары

  • Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация индустриясына қатысушылардан келіп түсетін оқиғалар туралы есептерді тіркеу;
  • тіркелген есептер мен оқиғалар бойынша мәліметтер базасын жүргізу.

Келіп түскен ақпараттың нәтижелері бойынша орталық деректер базасын жасайды және оны азаматтық авиация субъектілеріне бақылау және қадағалау жүргізу шеңберінде пайдаланады.

Орталықтың өзі "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV Заңның 10-бабына сәйкес әрекет етеді. Оның ережелерінде ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылау және талдау, сондай-ақ авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тергеп-тексеру нәтижелері бойынша ұсынымдарды орындау мақсатында азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның жеке және заңды тұлғалары ұсынған ақпарат, құжаттар мен материалдар негізінде жүзеге асырылатыны көрсетілген.

Сонымен қатар, операциялық орталық азаматтық авиация саласында штаттан тыс жағдайлар туындаған жағдайда жауапты буын болып табылады, оның негізгі міндеті

  • Қазақстанның авиациялық әкімшілігі басшылығына уақтылы хабарлау;
  • ААК апаттық жоспарын іске қосу;
  • сонымен қатар, операциялық орталықта қажет болған жағдайда сенім телефонын іске қосу мүмкіндігі бар.

Операциялық орталық құрылғаннан бері Call center 6 рет іске қосылды. Кейбір жағдайларда Call center жұмысы тәулік бойы жүргізілді.

Байланыс:

+7 (7172) 798 213

+7 (7172)798 214 (дүйсенбі – жұма 9:00-17:30)

Электрондық пошта: dmops@caa.gov.kz