Ұшуға жарамдылық департаменті

Әуе кемесінің ұшу жарамдылығының экспорттық сертификатын беру
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 198 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларының» (бұдан әрі - Қағидалар) 34-тармағына сәйкес, әуе кемесінің ұшу жарамдылығының экспорттық сертификатын алу үшін өтініш беруші «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ресми өтінімді жолдайды.
Қызмет тегін көрсетіледі.
Әуе кемесінің ұшу жарамдылығының экспорттық сертификатын алу үшін Қағидалардың 11-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған өтінім беріледі.
Қағидалардың 34-3-тармағына сәйкес, өтінімді қарау мерзімі және ұшу жарамдылығының экспорттық сертификатын беру 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.
Қағидалардың 3-тармағына сәйкес, әуе кемесінің ұшуға жарамдылығының экспорттық сертификаты 30 (отыз) күнтізбелік күнге беріледі.
Қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін сертификат жарамсыз болып есептеледі.
Әуе кемесінің ұшу жарамдылығының экспорттық сертификатын алу туралы ресми өтінім бермес бұрын, өтініш беруші төменде көрсетілген, азаматтық авиация саласын реттейтін нормативтік-құқықтық актілермен танысуы қажет:
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Заң
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидалары
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды, мемлекеттік тіркеу қағидалары
Әуе кемесінің ұшу жарамдылығының экспорттық сертификатын беру және өтінімді қабылдау рәсімі әдетте келесі тәртіпте жүзеге асырылады:
Құжаттарды бағалау және шешім қабылдау;
Құжаттарды бағалау кезеңі өтінім беруші ұсынған барлық құжаттармен егжей тегжейлі танысуды қамтиды. Бұл кезеңде Қағидаларда талап етілген барлық аспектілердің толық қамтылғаны және дұрыс қарастырылғаны тексеріледі.
Шешім қабылдау және сертификатты беру (немесе беруден бас тарту).
Өтінімнің Заңға сәйкестігін қарау нәтижесі бойынша авиациялық инспектор уәкілетті ұйым атынан Әуе кемесінің ұшу жарамдылығының экспорттық сертификатын беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Маңызды!
Сұрақтар туындаған жағдайда келесі электрондық пошта мекенжайына хабарласуыңызды сұраймыз: airworthiness@caa.gov.kz
Ой-пікіріңізбен бөлісіңіз! Бұл сайт парағы туралы пікіріңізді келесі мекенжайға жіберіңіз: airworthiness@caa.gov.kz
Тел: +7 (7172) 79-82-37