Кіру

Басты бет > >

Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Заңының 22-бабына сәйкес (Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV Заңы) әуе қозғалысына қызмет көрсету мынадай түрлерді қамтиды:

1) әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсетуді қамтиды, әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету деп:

- әуе кемелері арасындағы және әуе кемелерінің маневр жасау алаңындағы кедергілермен соқтығысуын болғызбау;

- әуе қозғалысын жылдамдату және реттеу мақсаттарында бақыланатын әуе кеңістігінде ұсынылатын қызмет көрсету түсініледі;

2) ұшу-ақпараттық қызмет көрсетуді қамтиды, оның мақсаты ұшудың қауіпсіз орындалуын қамтамасыз ету үшін қолда бар байланыс құралдарын пайдалана отырып, консультациялар мен ақпарат беру болып табылады;

3) тиісті ұйымдарды іздестіру-құтқару қызметтерінің көмегіне мұқтаж әуе кемелері туралы хабардар ету және осындай ұйымдарға қажетті жәрдем көрсету үшін ұсынылатын қызмет көрсету болып табылатын авариялық хабар беруді қамтиды.

Әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету:

  • бақыланатын әуе кеңістігінде ұшуға диспетчерлік қызмет көрсету

үшін - аудандық диспетчерлік қызмет көрсету;

- әуе кемелерінің ұшып келуіне және әуеайлақтардан (тікұшақ айлақтарынан) ұшып кетуіне байланысты ұшуға диспетчерлік қызмет көрсету үшін – қонуға жақындағанда диспетчерлік қызмет көрсету;

- әуеайлақтық қозғалысқа диспетчерлік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсету болып бөлінеді.

Әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін әуе қозғалысына қызмет көрсететін орган:

1) әрбір әуе кемесінің болжамды қозғалысы немесе оның өзгеруі туралы ақпаратпен, сондай-ақ әрбір әуе кемесінің нақты ұшу барысы туралы соңғы ақпаратпен қамтамасыз етіледі;

2) өзіне хабар берілген әуе кемелерінің бір біріне қатысты салыстырмалы түрде ұшып бара жатқан жерін алынған ақпарат негізінде айқындайды;

3) өзі бақылайтын әуе кемелерінің арасындағы соқтығысуды болғызбау үшін, сондай-ақ реттелген қозғалыс ағынын жеделдету және сақтау үшін рұқсаттар мен ақпарат береді;

4) әуе кемесі әуе қозғалысына қызмет көрсететін (әуе қозғалысын басқаратын) басқа органдардың бақылауында ұшуды орындап жүрген басқа әуе кемелерімен жанжалды жағдайды туындатуы мүмкін болғанда немесе әуе кемесін бақылауды әуе қозғалысына қызмет көрсететін басқа органдарға берудің алдында қажет болған жағдайда рұқсаттарды әуе қозғалысын қамтамасыз ететін (әуе қозғалысын басқаратын) басқа органдармен келіседі.

Әуе кемелерін эшелондауға қойылатын талаптарды қоса алғанда, әуе кемелеріне диспетчерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықта айқындалады.

Әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары беретін диспетчерлік рұқсаттар әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге қойылатын талаптарға негізделеді.

Ұшуына осы ақпарат әсер етуі мүмкін және әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсетумен қамтамасыз етілетін немесе әуе қозғалысына қызмет көрсету органына қай жерде екені белгілі болған барлық әуе кемелері ұшу-ақпараттық қызмет көрсетумен қамтамасыз етіледі.

Мыналар:

1) әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсетумен қамтамасыз етілетін барлық әуе кемелері;

2) ұшу жоспарын берген немесе әуе қозғалысына қызмет көрсету органына қай жерде екені белгілі болған барлық басқа әуе кемелері;

3) оларға қатысты заңсыз араласу объектісі болып табылатындығы белгілі болған немесе болжанатын кез келген әуе кемелері авариялық хабар берумен қамтамасыз етіледі.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында:

- бақыланатын әуе кеңістігі (мұнда әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсетіледі) - 2 757 300 шаршы км;

- әуе жолдарының жалпы ұзындығы - 119 055 км;

- шектес мемлекеттермен әуе дәліздерінің саны-73;

- тәулік сайын 1000-нан астам әуе кемесі бақыланады.

"Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасындағы аэронавигациялық қызметтердің ең ірі провайдері болып табылады және Қазақстан Республикасының барлық әуе кеңістігінде (жекелеген әуеайлақтарды қоспағанда) және Каспий теңізінің үстіндегі әуе кеңістігінің бір бөлігінде (4 ірілендірілген аудан орталығы мен 24 әуеайлақтық диспетчерлік пунктті қоса алғанда) әуе қозғалысына қызмет көрсетеді.

"Каспиан Радио Сервисес" ЖШС "Теңіз" әуеайлағында ("Теңізшевройл"ЖШС) аэронавигациялық қызмет көрсетуді жеткізуші болып табылады.

"Авиациялық оқу-жаттығу орталығы" ЖШС бақыланбайтын "Балапан"әуеайлағында әуеайлақтық ұшу-ақпараттық қызмет көрсетуді (AFIS) қамтамасыз етеді.

"Авиациялық оқу орталығы" ЖШС "Жоламан"бақыланбайтын әуеайлағында әуеайлақтық ұшу-ақпараттық қызмет көрсетуді (AFIS) қамтамасыз етеді.

Әуе қозғалысына қызмет көрсетуге тартылған мамандардың орташа саны – 750 адам.

Әуе қозғалысына қызмет көрсету азаматтық және эксперименттік авиация саласындағы ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бақылауға және қадағалауға жататын қызметке жатады.

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ-ның аэронавигация департаменті Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуына техникалық бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады.