Кіру

Басты бет
Авиациялық заңнама бойынша басқармасы
Авиациялық стандарттар және ИКАО стандарттары
мен ұсынылатын тәжірибелерді енгізу басқармасы

Басқару жүйесі және норма жасау департаменті -Өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы заңнамасын, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын, 1944 жылғы Чикаго қаласында қабылданған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияны, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылған практикасын, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, сондай-ақ Қоғамның қызметіне қатысты өзге де нормативтік құқықтық актілер мен халықаралық шарттарды басшылыққа алады.

Департамент келесі бөлімшелерден тұрады:

  - Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ақпаратты жинау және өңдеу басқармасы;

  - Авиациялық заңнама бойынша басқармасы;

  - Авиациялық стандарттар және ИКАО стандарттары мен ұсынылатын тәжірибелерді енгізу басқармасы.

Міндеттері:

  Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Қоғам қызметінің Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылған практикасына жоғары деңгейде сәйкестігін қамтамасыз ету;

  - Қазақстан Республикасының әуе көлігі операторлары мен азаматтық авиация ұйымдары тарапынан ұшу қауіпсіздігін басқару жүйелерін (SMS) енгізуге жәрдемдесу.