Кіру

Басты бет

Ұшуға жарамдылық департаменті


Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру
Жеңіл және аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру

Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру

Өтінім беру тәртібі chevron

              Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 198 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларының» (бұдан әрі - Қағидалар) 7-тармағына сәйкес, азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын алу үшін өтініш беруші «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ресми өтінімді жолдайды.

Осы қызмет көрсетілген кезде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері chevron

              Қағидалардың 6-тармағына сәйкес, төлем Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 наурыздағы №177 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы төлемдерді алу қағидаларымен» айқындалған тәртіпте алынады.

            Төлем мөлшері Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 167 бұйрығымен бекітілген «Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы» қағидамен айқындалады.

                 Төлемді жүзеге асыру тәртібімен Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің (ҚАӘ) ресми сайтында танысуға болады.

Өтінімге қоса тіркелетін қажетті құжаттар chevron

              Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 198 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларының» 7-тармағын негізге ала отырып, өтініш беруші осы Қағидалардың 1-1-қосымшасына сәйкес «Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген құжаттар топтамасын ұсынады.

              Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификатын алғашқы алу үшін Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған өтінім және оған қоса мынадай құжаттар ұсынылады:

              көрсетілетін қызметті берушіде өтінімді тіркеген күнге дейін 22 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және ұшуға жарамдылығын айқындау актісінің электрондық көшірмесі;

              егер әуе кемесі жалға алынған болса, жалдау туралы шарттың және қабылдау-тапсыру актісінің электрондық көшірмесі;

              әуе кемелерін сертификаттауды жүзеге асыратын және көрсетілетін қызметті беруші таныған шет мемлекеттің, халықаралық азаматтық авиация ұйымының ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін куәландыратын үлгі сертификаттың немесе оған балама құжаттың электрондық көшірмесі;

              бекітілген техникалық қызмет көрсету бағдарламасының (регламент) электрондық көшірмесі;              әуе кемесін қайта жабдықтау жөніндегі құжаттың электрондық көшірмесі (қайта жабдықтау кезінде);

              жаңа әуе кемесінің үлгі сертификатына сәйкестігін растайтын дайындаушы зауыт сертификатының электрондық көшірмесі;

              уәкілетті ұйым бекіткен алдыңғы пайдаланушыға техникалық қызмет көрсету бағдарламасының жаңа техникалық қызмет көрсету бағдарламасына көшуі бойынша техникалық қызмет көрсетудің орындалғанын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

              орталықтандыру және тиеу деректерін көрсете отырып, қолданыстағы құрастыруда әуе кемесін өлшеу жөніндегі деректердің электрондық көшірмесі;

              үлгі сертификатын ұстаушы жасаған ең аз жабдықтың негізгі тізбесі болған кезде пайдаланушы жасаған ең аз жабдықтың бекітілген тізбесінің электрондық көшірмесі;

              ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың электрондық көшірмесі;

              өтінім уәкілетті ұйымда тіркелген күнге дейін 22 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұшуға жарамдылығы директивалары, әзірлеуші ұйымның бюллетеньдері, ресурстары шектеулі агрегаттар, орындалған модификациялар және жөндеулер мәртебелерінің электрондық көшірмесі;

              ұшу сынақтарының нәтижелері туралы баяндаманың электрондық көшірмесі;

              барлық борттық тұтынушыларды ескере отырып, электрмен жабдықтау жүйесіндегі жүктемелерді талдау материалдарының электрондық көшірмесі;

              Area Navigation (RNAV), Minimum Navigation Performance Specifications (MNPS) и Category III бойынша әуе кемесінің рұқсатын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;

              уәкілетті ұйымның қызметі үшін төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

              2. Бұрын ұшуға жарамдылық сертификаты болған азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификатын алу үшін мынадай құжаттармен қоса электрондық цифрлық қолтаңбамен қойылған өтінім беріледі:

              әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және ұшуға жарамдылығын айқындау актісінің электрондық көшірмесі;

              егер әуе кемесі жалға алынған болса, жалдау туралы шарттың және қабылдау-тапсыру актісінің электрондық көшірмесі;

              уәкілетті ұйымның қызметі үшін төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

              ұшуға жарамдылығы директивалары мәртебесінің, әзірлеуші ұйым бюллетендерінің, ресурстары шектеулі агрегаттардың, орындалған модификациялардың және жөндеулердің электрондық көшірмесі;

              3. Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификатын ұзарту үшін мынадай құжаттарды қоса бере отырып электрондық цифрлық қолтаңбамен қойылған өтінім беріледі:

              әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және ұшуға жарамдылығын айқындау актісінің электрондық көшірмесі;

              егер әуе кемесі жалға алынған болса, жалға алу туралы шарттардың және қабылдау тапсыру актісінің электрондық көшірмесі;

              ұшуға жарамдылығы директивалары мәртебесінің, әзірлеуші ұйым бюллетендерінің, ресурстары шектеулі агрегаттардың, орындалған модификациялардың және жөндеулердің электрондық көшірмесі;

              уәкілетті ұйымның қызметі үшін төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

Осы қызметті көрсету мерзімі chevron

              Қағидалардың 8-1-тармағына сәйкес құжаттарды қарау мерзімі және ұшу жарамдылығы сертификатын беру 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды

              Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажеттілігі туындаған жағдайда не көрсетілетін қызметті алушының сертификациялық талаптарға сәйкессіздігі анықталып, ол жойылған жағдайда қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмесе, қарау мерзімі 20 (жиырма) жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.

Осы сертификаттың (рұқсаттың) жарамдылық мерзімі chevron

              Қағидалардың 3-тармағына сәйкес ұшуға жарамдылық сертификаты бір жыл мерзімге беріледі.

              Қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін сертификат жарамсыз деп есептеледі.

Осы қызметті алу үшін қажетті қосымша мәліметтер chevron

              Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын алу үшін ресми өтінім бермес бұрын, өтініш беруші төменде көрсетілген, азаматтық авиация саласын реттейтін нормативтік-құқықтық актілермен танысуы қажет:

              Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Заң

              Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидалары

              Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы нормалары

              Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және оларды жөндеу қағидалары

              Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды, мемлекеттік тіркеу қағидалары

Өтінім берілгеннен кейінгі іс-қимылдар chevron

              Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру және өтінімді қабылдау рәсімі, әдетте, төменде көрсетілген тәртіппен жүзеге асырылады:

              Өтініш берушінің ресми өтінімді беруі;

              Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беруге арналған

ресми өтінім және талап етілетін құжаттамалар қоса тіркеле отырып, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 198 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларында белгіленген нысан бойынша ұсынылуы тиіс.

              Өтінім алынғаннан кейін уәкілетті ұйым өтініммен жұмыс істеу үшін жауапты авиациялық инспекторды тағайындайды.

              Құжаттарды бағалау және шешім қабылдау;

              Құжаттарды бағалау өтініш беруші ұсынған барлық құжаттаманы жан-жақты зерделеуді көздейді және оның мақсаты белгіленген қағидаларға сәйкес барлық қажетті талаптардың ескерілгенін әрі тиісті түрде рәсімделгенін растау болып табылады.

              Сертификаттық тексеруді жүргізу;

              Сертификаттық тексеру азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым тарапынан авиациялық инспекторларға арналған нұсқаулық материалды пайдалана отырып жүзеге асырылады.

              Сертификаттық тексеру жүргізу кезінде пайдалану (эксплуатациялық) құжаттамасын тексеру және әуе кемесін қарап-тексеру рәсімдері жүзеге асырылады.

           Жаңа, бұрын пайдаланылмаған, азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығын сертификаттық тексеру кезінде (дайындаушы зауыттан қабылдау кезінде) әуе кемесінің ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкестігін растайтын және азаматтық әуе кемесінің ұшу жарамдылығы сертификатын беруге өтінім беру сәтінде қолданыста болатын мемлекеттік тіркеу кезінде жасалған оң бағалау актісі болған кезде әуе кемесін қарау жүргізілмейді.

            Жаңа, бұрын пайдаланылмаған, азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу кезінде (дайындаушы зауыттан қабылдау кезінде) жасалған оң бағалау актісі күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қолданылады.

              Шешім қабылдау және сертификатты беру (немесе беруден бас тарту).

              Сертификаттық тексеру нәтижелері бойынша авиациялық инспекторлар пайдалану (эксплуатациялық) құжаттамасының және әуе кемесінің нақты жай-күйін, қорытындыларды, ұсынымдарды, сондай-ақ ұшу жарамдылығы сертификатын беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытындыны көрсете отырып, сертификаттық тексеру актісін жасайды. Аталған акт тексеру аяқталғаннан кейін авиациялық инспекторлармен қол қойылып, танысу үшін өтініш берушіге ұсынылады.

             Сертификаттық тексеру барысында 1-деңгейдегі сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, уәкілетті ұйым өтініш беруші анықталған сәйкессіздіктерді жойғанға дейін Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен ұшу жарамдылығы сертификатын беруден бас тартады не сертификаттың қолданылуын шектейді.

              2-деңгейдегі сәйкессіздік анықталған жағдайда, уәкілетті ұйым: 1) анықталған

сәйкессіздікті жою үшін оның анықталған күнінен бастап үш айдан аспайтын мерзімді келіседі. Өтініш беруші анықталған сәйкессіздікті жою жөніндегі түзету іс-шараларының жоспарын 3–4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлейді және сертификациялық тексеру нәтижелерімен танысқан күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымға келісу үшін ұсынады; 2) өтініш беруші ұсынған сәйкессіздікті жою жөніндегі шараларды бағалау негізінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде түзету іс-шараларының жоспарын келіседі не себептерін көрсете отырып, пысықтауға қайтарады.

          Түзету іс-шараларының жоспарында көрсетілген мерзім өтініш беруші оны өзгерту қажеттілігін негіздеген жағдайда уәкілетті ұйыммен ұзартылуы мүмкін. Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген мерзімде өтініш беруші қабылдауға жарамды түзету іс-шараларының жоспарын ұсынбаған жағдайда, уәкілетті ұйым ұшу жарамдылығы сертификатын беруден бас тартады. Қабылдауға жарамды түзету іс-шараларының жоспары сәйкессіздіктердің себептерін жоюға және олардың қайталануын болдырмауға бағытталған іс-әрекеттерді қамтиды.

            Шешім қабылдау және сертификатты беру (беруден бас тарту) кезеңі уәкілетті ұйымның авиациялық инспекторы барлық бағалау процестерінің қанағаттанарлық түрде аяқталғанын және өтініш берушінің қолданылатын талаптарға сәйкестікті, сондай-ақ өз міндеттерін қауіпсіз орындау қабілетін көрсеткенін айқындағаннан кейін басталады.

            Уәкілетті ұйымның авиациялық инспекторы ұшу жарамдылығы сертификатын беру туралы ұсыныммен сертификациялық тексеру актісін дайындауға және сақтауға міндетті.

           Ұшу жарамдылығы сертификаты берілгеннен кейін уәкілетті ұйым өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасының, ұшу жарамдылығы сертификатында көрсетілген рұқсаттардың және шектеулердің талаптарын сақтауды жалғастыруын қамтамасыз ету мақсатында бақылауды жүзеге асырады.

Жеңіл және аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру

Өтінім беру тәртібі chevron

              Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 19 шілдедегі № 483 бұйрығымен бекітілген «Жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларының» (бұдан әрі - Қағидалар) 7-тармағына сәйкес, жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы ұшуға жарамдылығы сертификатын алу үшін өтініш беруші «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ресми өтінімді жолдайды.

Осы қызмет көрсетілген кезде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері chevron

              Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Өтінімге қоса тіркелетін қажетті құжаттар chevron

              Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 19 шілдедегі № 483 бұйрығымен бекітілген «Жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларының» 7-тармағын негізге ала отырып, өтініш беруші осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес «Жеңіл және аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көзделген құжаттар топтамасын ұсынады.

              Жеңіл және аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын алу үшін Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған өтінім және мынадай құжаттар қоса беріледі:

              уәкілетті ұйымға өтінім тіркелген күнге дейінгі мерзімі 22 жұмыс күнінен аспайтын, осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалған, әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және ұшуға жарамдылығын анықтау актінің электрондық көшірмесі;

              егер әуе кемесі жалға алынған болса, жалға алу шарттарының және қабылдау тапсыру актінің электрондық көшірмелері;

              үлгі сертификатының немесе оның ұшуға жарамдылық стандарттарына, шет мемлекеттің, әуе кемесін сертификаттауды жүзеге асыратын халықаралық азаматтық авиация ұйымының сәйкестігін куәландыратын балама құжаттың немесе конструкциясының, сипаттамаларының және пайдалану-техникалық сипаттамаларының сәйкестігі туралы сертификаттың электрондық көшірмесі. Уәкілетті ұйым шығарған немесе мойындаған ұшуға жарамдылық стандарттары бар құжаттама.

              бекітілген техникалық қызмет көрсету бағдарламасының электрондық көшірмесі;

              үлгілік жобаға жауапты ұйым жасаған минималды жабдықтың негізгі тізбесі болғанда пайдаланушы құрастырған минималды жабдықтың бекітілген тізбесінің электрондық көшірмесі;

              уәкілетті ұйымға өтінімді тіркеу күніне дейінгі мерзімі 22 жұмыс күнінен аспайтын, шектеулі ресурсы бар агрегаттардың жай-күйі (статусы) туралы электрондық көшірме;

              уәкілетті ұйымға өтінімді тіркеу күніне дейінгі мерзімі 22 жұмыс күнінен аспайтын, ұшу жарамдылығы директиваларының орындалу жай-күйі (статусы) туралы электрондық көшірме;              уәкілетті ұйымға өтінімді тіркеу күніне дейінгі мерзімі 22 жұмыс күнінен аспайтын, әзірлеуші ұйымның бюллетеньдерінің орындалу мәртебесі, сондай-ақ орындалған модификациялар туралы электрондық көшірме;

              әуе кемесін қайта жабдықтау жүргізілген жағдайда, әуе кемесін қайта жабдықтау жөніндегі құжаттың электрондық көшірмесі;

              жаңа әуе кемесінің типтік сертификатқа сәйкестігін растайтын зауыт дайындаушының сертификатының немесе оған теңестірілген құжаттың электрондық көшірмесі;

              ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың электрондық көшірмесі;

              уәкілетті ұйымға өтінімді тіркеу күніне дейінгі мерзімі 22 жұмыс күнінен аспайтын, техникалық қызмет көрсету бағдарламасында көзделген жұмыстардың орындалу мәртебесі туралы құжаттың көшірмесі;

              ұшу сынақтарының нәтижелері туралы есептің көшірмесі. 

Осы қызметті көрсету мерзімі chevron

              Қағидалардың 8-тармағына сәйкес сертификаттаудың жалпы мерзімі өтінім уәкілетті ұйымға түскен күннен бастап 22 (жиырма екі) жұмыс күнінен аспайды.

              Ұсынылған құжаттарды қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған жағдайда, қарау мерзімі 22 (жиырма екі) жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтініш берушінің порталдағы «жеке кабинетіне» хабарлама жолданады.

Осы сертификаттың (рұқсаттың) жарамдылық мерзімі chevron

              Қағидалардың 14-тармағына сәйкес авиациялық жұмыстарды орындау және жалпы мақсаттағы авиация мақсатында ұшуларды жүзеге асыратын жеңіл және аса жеңіл авиацияның әуе кемесіне мерзімсіз негізде берілген ұшу жарамдылығы сертификаты коммерциялық емес ұйым беретін жеңіл және аса жеңіл авиацияның әуе кемесін пайдалануға жарамдылығы туралы қолданыстағы бағалау актісі болған жағдайда жарамды болып табылады.

Осы қызметті алу үшін қажетті қосымша мәліметтер chevron

              Жеңіл және аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын алу үшін ресми өтінім бермес бұрын, өтініш беруші төменде көрсетілген, азаматтық авиация саласын реттейтін нормативтік-құқықтық актілермен танысуы қажет:

              Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Заң

              Жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидалары

              Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы нормалары

Өтінім берілгеннен кейінгі іс-қимылдар chevron

              Жеңіл және аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру және өтінімді қабылдау рәсімі, әдетте, төменде көрсетілген тәртіппен жүзеге асырылады:

              Өтініш берушінің ресми өтінімді беруі;

              Жеңіл және аса жеңіл авиацияның әуе кемесіне ұшуға жарамдылығы сертификатын алу үшін ресми өтінім және оған қоса берілетін қажетті құжаттама, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 19 шілдедегі № 483 бұйрығымен бекітілген жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларында көзделген нысан бойынша ұсынылуы тиіс.

              Құжаттарды бағалау және шешім қабылдау;

              Өтініш беруші Қағидаларда көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынған жағдайда, құжаттар Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына сәйкестігі тексерілгеннен кейін авиациялық инспектор тарапынан бес жұмыс күні ішінде тартылған коммерциялық емес ұйымдарға беріледі.

              Құжаттарды бағалау өтініш беруші ұсынған барлық құжаттамамен егжей-тегжейлі танысуды көздейді және Қағидалардың талаптарына сәйкес барлық қажетті аспектілердің қамтылғанын әрі тиісінше ескерілгенін растау мақсатында жүргізіледі.

              Жеңіл және аса жеңіл авиацияның әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын бағалауды жүргізу;

              Жеңіл және аса жеңіл авиацияның әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын бағалау

              Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамасын біркелкі қолдану мақсатында уәкілетті ұйым авиациялық инспекторлар үшін әзірлеген нұсқаулық материалын (АӘК данасын техникалық зерттеп-қарау бағдарламасы, АӘК ұшу сараптамасының бағдарламасы, азаматтық әуе кемесі данасының ұшу сараптамасының хаттамасы) пайдалана отырып, техникалық комиссиямен жүзеге асырылады.

              Шешім қабылдау және куәлікті беру (немесе беруден бас тарту).

              Жеңіл және аса жеңіл авиацияның әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын бағалау нәтижесінде техникалық комиссия Жеңіл және аса жеңіл авиация әуе кемесін пайдалану жарамдылығын бағалау актісін жасайды. Актте әуе кемесінің нақты жағдайы, қорытындылары, ұсыныстары және жеңіл және аса жеңіл авиацияның әуе кемесіне ұшуға жарамдылығы сертификатын беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) көрсетіледі. Акт ресімделіп болғаннан кейін коммерциялық емес ұйым тарапынан қол қойылады және танысу үшін өтініш берушіге ұсынылады.

              Техникалық комиссия берген бағалау актісінің оң қорытындысына және ұшуға

жарамдылығын бағалауға арналған құжаттардың (нұсқаулық материал (әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын бағалау бағдарламасы), анықталған сәйкессіздіктер және оларды жоюды растайтын құжаттама) тексеруіне негізделе отырып, өтініш берушіге бес (5) жұмыс күні ішінде мерзімсіз негізде жеңіл және аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификаты беріледі.

              Жеңіл және аса жеңіл авиацияның әуе кемесіне, авиациялық жұмыстарды орындау және жалпы мақсаттағы авиация мақсатында ұшуларды жүзеге асыратын, мерзімсіз негізде берілген ұшуға жарамдылығы сертификаты, коммерциялық емес ұйым берген қолданыстағы жеңіл және аса жеңіл авиация әуе кемесін пайдалану жарамдылығын бағалау актісі болған жағдайда жарамды болып табылады.

Маңызды!

Сұрақтар туындаған жағдайда келесі электрондық пошта мекенжайына хабарласуыңызды сұраймыз: airworthiness@caa.gov.kz

Ой-пікіріңізбен бөлісіңіз! Бұл сайт парағы туралы пікіріңізді келесі мекенжайға жіберіңіз: airworthiness@caa.gov.kz

Тел: +7 (7172) 79-82-37