Кіру

Басты бет

Ұшуға жарамдылық департаменті

Әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (АМР)

             Эксплуатант мемлекеттік тіркеуі бар әуе кемесіне арналған бекітілген техникалық қызмет көрсету бағдарламасының болуын, сондай-ақ Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарының 38-тармағына сәйкес оған өзгерістер мен толықтырулардың уақтылы енгізілуін қамтамасыз етеді.

Әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету бағдарламасын бекіту

Өтінім беру тәртібі chevron

        Әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету бағдарламасын бекіту үшін өтінім беруші электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы немесе азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеудің бірыңғай платформасы, «E-otinish» арқылы өтінім жолдайды: Азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы

Қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері chevron

        Қызмет тегін көрсетіледі.

Өтінімге қоса тіркелетін қажетті құжаттар chevron

        Ұйымның басшысы қол қойған әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету бағдарламасы.

Қызмет көрсету мерзімі chevron

       Өтінімді қарау мерзімі – Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 76-бабының 1-тармағына сәйкес 15 (он бес) жұмыс күнін алады.

       Ескерту: Кодекстің 76-бабының 3-тармағына сәйкес, өтінім негізінде басталған әкімшілік процедураның мерзімі әкімшілік орган басшысының немесе оның орынбасарының негізделген шешімімен ақылға қонымды мерзімге ұзартылуы мүмкін, бірақ екі айдан аспауы тиіс. Бұл әкімшілік істі дұрыс қарау үшін маңызды фактілік жағдайларды анықтау қажеттілігінен жасалады, және әкімшілік процедураға қатысушы мерзім ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.

Қызмет алу үшін қажетті қосымша мәліметтер chevron

       Әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету бағдарламасын бекіту үшін ресми өтінім жібермес бұрын, өтінім беруші азаматтық авиация саласын реттейтін төменде көрсетілген нормативтік-құқықтық актілермен танысуы қажет:

  •          Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Заңы
  •          Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптар
  •          Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және оларды жөндеу қағидалары
Өтінім жолдағаннан кейінгі келесі қадамдар chevron

       Әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету бағдарламасын бекіту үшін өтінім беру процедурасы, төменде көрсетілген тәртіпте жүргізілуі тиіс:

  •    1.  Өтінімді бағалау және шешім қабылдау;
  •    2.  Шешім қабылдау және нұсқаулықты бекіту (немесе бекітуден бас тарту).

Маңызды!

Сұрақтар туындаған жағдайда келесі электрондық пошта мекенжайына хабарласуыңызды сұраймыз: airworthiness@caa.gov.kz

Ой-пікіріңізбен бөлісіңіз! Бұл сайт парағы туралы пікіріңізді келесі мекенжайға жіберіңіз:

airworthiness@caa.gov.kz

Тел: +7 (7172) 79-82-37