Тік ұшу және қону айлақтар
«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, сондай-ақ тік ұшу және қону айлақтар қызметін реттейтін қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша кешенді жұмыс жүргізуде.
Тік ұшу және қону айлағы — тік ұшып-қону мүмкіндігі бар (VTOL) әуе кемелерінің келуін, жөнелтілуін және қозғалысын қамтамасыз етуге толық немесе частично арналған аэродром немесе құрылыстың айқындалған жерүсті алаңы. Вертипорттардың пайда болуы әуе қозғалысының жаңа технологияларының қарқынды дамуымен, олардың тиімді жұмыс істеуіне қажетті заманауи инфрақұрылымды қалыптастыру қажеттілігімен, сондай-ақ қалаішілік және қалааралық логистикада экологиялық және жоғары тиімді көлік шешімдерін енгізуге бағытталған жаһандық үрдістермен айқындалады.
Аталған шаралар Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарының тапсырмасын орындау мақсатында жүзеге асырылып, әуе мобильдігі инфрақұрылымын дамыту саласында заманауи және тиімді құқықтық өрісті қалыптастыруға бағытталған.
Жүргізіліп жатқан жұмыстың негізгі мақсаты – тік ұшу және қону айлақтарын құру, сертификаттау, пайдалану және дамыту ісіне қатысты тиісті құқықтық реттеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ әуе мобильдігі инфрақұрылымы объектілерінің жұмыс істеу қауіпсіздігін халықаралық озық тәжірибелер мен стандарттарға сәйкес арттыру.
Бұл бастамаларды іске асыру саланың одан әрі тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, инновациялық технологияларды Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіне интеграциялау үшін жағдай жасап, көрсетілетін авиациялық қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.