Кіру

Басты бет

Формальдылықты оңайлату, жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсету департаменті

Формальдылықты оңайлату, жолаушылар мен жүктерге қызмет көрсету департаменті (бұдан әрі – Департамент) "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ (бұдан әрі-Қоғам) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Департамент өз құзіреті ретінде жолаушыларға қызмет көрсету, багаж, жүк және поштаны өңдеу бөлігінде, сондай-ақ қауіпті жүктерді әуе арқылы қауіпсіз тасымалдау бөлігінде бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады. Департаменттің мақсаты бақылаудағы азаматтық авиация субъектілерінің Қазақстан Республикасының халықаралық стандарттары мен заңнамаларын жоғары деңгейде сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.