Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша Қазақстанның авиация саласына бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады.
ҚАӘ қызметі азаматтық авиацияны реттеудің еуропалық моделіне бағытталған, ол әлемдегі ең озық және ең тиімді тәсілдердің бірі болып табылады, ИКАО стандарттарына және ұсынылған тәжірибеге толық сәйкес келеді.
2021 жылы ИКАО-ның валидациялық миссиясы өтті, оның нәтижелері бойынша елімізде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейі 82%-ға дейін көтерілді, бұл әлемдік орташа көрсеткіштен 15%-ға жоғары.
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі халықаралық тексерулерден сәтті өтті: ИКАО валидациялық миссиясы (ICVM), Еуропалық комиссия сарапшыларының техникалық сапары, АҚШ Көлік қауіпсіздігі әкімшілігі (TSA) сарапшыларының сапары.
Қазақстан ТМД-да бірінші болып ұшу-қону жолағы (GRF) бетінің жай-күйі туралы деректерді ұсынудың жаһандық форматының стандарттарын 100% енгізу туралы жариялады.
Еуропалық комиссия, ұшу қауіпсіздігі жөніндегі Еуропалық агенттік (EASA) және Еуропалық Одақ мүшелерінің авиациялық билігі сарапшыларының техникалық сапарының және Еуропалық комиссияның Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі комитеті отырысының қорытындылары бойынша Қазақстан 2024 жылы ұшу қауіпсіздігі жөніндегі күшейтілген мониторингтен шықты. Қазақстандық авиакомпанияларда Еуропаға ұшу үшін шектеулер жоқ.
2023 жылы Қазақстанның авиациялық әкімшілігіне "Air Transport News Corporate Award" корпоративтік марапаты табыс етілді, ол Қазақстандағы азаматтық авиацияны басқарудың жаңа моделіне көшу бойынша жүргізілген ҚАӘ жұмысын мойындау болып табылады.
Алғаш рет ИКАО талаптарына сәйкес Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Қазақстан Республикасының 2024-2027 жылдарға арналған ұшу қауіпсіздігі жөніндегі жоспарын әзірледі.
Халықаралық ынтымақтастықты нығайта отырып, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ECAC-пен Қазақстанның бақылаушы рөліне қатысуы туралы, сондай-ақ авиациялық қауіпсіздік, оқиғаларды тергеу, ұшу қауіпсіздігі және экология саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі азаматтарымыз үшін қауіпсіз ұшу жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында авиация саласындағы барлық мүдделі тараптармен, ҚР КМ Азаматтық авиация комитетімен, салалық әріптестермен, экономикалық даму институттарымен және ғылыми топтармен жұмыс істейді.
ҚАӘ ISO 9001 сертификатын алды