Ұшуға жарамдылық департаменті

Техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының (эксплуатанттың) нұсқаулығы (CAME)
Коммерциялық әуе тасымалдарын және авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушы (эксплуатант) Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарының 22-тармағының 2-тармақшасына сәйкес техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының (эксплуатанттың) нұсқаулығын әзірлейді және оны уәкілетті ұйыммен бекітуді қамтамасыз етеді.
Техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының (эксплуатанттың) нұсқаулығын бекіту
Техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының (эксплуатанттың) нұсқаулығын бекіту үшін өтінім беруші электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы немесе азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеудің бірыңғай платформасы, «E-otinish» арқылы өтінім жолдайды: Азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы
Қызмет тегін көрсетіледі.
Ұйымның басшысы қол қойған техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының (эксплуатанттың) нұсқаулығы.
Өтінімді қарау мерзімі – Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 76-бабының 1-тармағына сәйкес 15 (он бес) жұмыс күнін алады.
Ескерту: Кодекстің 76-бабының 3-тармағына сәйкес, өтінім негізінде басталған әкімшілік процедураның мерзімі әкімшілік орган басшысының немесе оның орынбасарының негізделген шешімімен ақылға қонымды мерзімге ұзартылуы мүмкін, бірақ екі айдан аспауы тиіс. Бұл әкімшілік істі дұрыс қарау үшін маңызды фактілік жағдайларды анықтау қажеттілігінен жасалады, және әкімшілік процедураға қатысушы мерзім ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.
Техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының (эксплуатанттың) нұсқаулығын бекіту үшін ресми өтінім жібермес бұрын, өтінім беруші азаматтық авиация саласын реттейтін төменде көрсетілген нормативтік-құқықтық актілермен танысуы қажет:
- Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Заң
- Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптыр
Техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының (эксплуатанттың) нұсқаулығын бекіту үшін өтінім беру процедурасы, төменде көрсетілген тәртіпте жүргізілуі тиіс:
1. Өтінімді бағалау және шешім қабылдау;
2. Шешім қабылдау және нұсқаулықты бекіту (немесе бекітуден бас тарту).
Техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқаулығына арналған әдістемелік ұсыныстар (Пайдаланушы сертификаты)
Ұшу жарамдылығын қамтамасыз етуге жауапты басшының түйіндемесі
Маңызды!
Сұрақтар туындаған жағдайда келесі электрондық пошта мекенжайына хабарласуыңызды сұраймыз: airworthiness@caa.gov.kz
Ой-пікіріңізбен бөлісіңіз! Бұл сайт парағы туралы пікіріңізді келесі мекенжайға жіберіңіз: airworthiness@caa.gov.kz
Тел: +7 (7172) 79-82-37