Кіру

Басты бет

Ұшуға жарамдылық департаменті

Шуыл бойынша әуе кемесінің сертификаты

Шуыл бойынша әуе кемесінің сертификатын беру  

Қалай өтініш беруге болады chevron

         Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларын бекіту туралы ережелерінің 21-1-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Ережелер), Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі м.а.ның 2015 жылғы 24 ақпандағы № 198 бұйрығымен бекітілген, әуе кемесінің шуыл сертификатын алу үшін өтініш беруші «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ресми өтініш жібереді: Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау Шуыл бойынша әуе кемесінің сертификатын беру  

Қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері chevron

          Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Өтінішке қосатын қажетті құжаттар chevron

          Әуе кемесінің шуыл сертификатын алу үшін Ережелерге 3-1-қосымшаға сәйкес нысанда, электрондық сандық қолтаңбамен қол қойылған өтініш беріледі.

Қызмет көрсету мерзімі chevron

         Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру ережелерінің 21-4-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - 5 (бес) жұмыс күні.

Шуыл бойынша әуе кемесінің сертификаты мерзімінің жарамдылығы chevron

        Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру ережелерінің 3-тармағына сәйкес, әуе кемесінің шуыл сертификаты  мерзімсіз беріледі.

Өтініш бергеннен кейін әрі қарай қандай әрекеттер жасау керек? chevron

          Әуе кемесінің шуыл сертификатына өтініш беру және оны беру рәсімі, әдетте, төменде көрсетілген тәртіппен жүзеге асырылады:

          1) Өтінішті бағалау және шешім қабылдау;
          Өтінішті бағалау өтінім берушінің ұсынған ақпаратымен жан-жақты танысуды қамтиды, Ережелерде көзделген барлық аспектілердің енгізілгеніне және тиісті түрде есепке алынғанына көз жеткізу.

           2) Шешім қабылдау және сертификатты беру (беруден бас тарту).
          Өтінішті заң талаптарына сәйкестігі бойынша қарау нәтижелері бойынша, уәкілетті ұйымның авиация инспекторы әуе кемесінің шуыл сертификатын беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Маңызды!

Сұрақтар туындаған жағдайда, мына email мекенжайына хабарласуыңызды өтінеміз: airworthiness@caa.gov.kz 

Пікіріңізді білдіріңіз!
Осы параққа қатысты пікірлеріңізді мына мекенжайға жіберіңіз:  awtechsup@caa.gov.kz  

Тел: +7 (7172) 79-82-37