Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркеу үшін шарттар
Азаматтық әуе кемесі оның меншік иесінің (иеленушінің) немесе оны пайдаланушының өтініші бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тек қана мынадай шартпен тіркеледі, егер:
- әуе кемесі басқа мемлекетте тіркелмеген болса;
- Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғасы әуе кемесінің меншік иесі немесе пайдаланушысы болып табылса;
- сот шешімі бойынша тәркіленген және (немесе) өндіріп алынған әуе кемесін қоспағанда, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген адам әуе кемесінің меншік иесі немесе пайдаланушысы болып табылмаса;
- әуе кемесі типінің сертификатын немесе соған ұқсас басқа құжатты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берсе немесе жарамды деп таныса;
- жүктерді тасымалдауға арналған әуе кемелерін пайдаланудың күнтізбелік мерзімі (әуе кемесі шығарылған күннен бастап тіркелген күнге дейін есептелетін мерзім) жиырма бес жылдан аспаса;
- жүктерді тасымалдауға арналған, ұшу циклдарының саны бойынша және сағат бойынша есептелетін әуе кемесінің белгіленген зауыт ресурсының үштен екісінен аспайтын ресурсы (дайындаушы зауыттың немесе конструкторлық бюроның ресми растауымен);
- жерүсті және спутниктік арналар арқылы жүктерді тасымалдауға арналған борттың жай-күйі мен орналасқан жері туралы деректерді беруді қамтамасыз ететін жабдықтың болуы.
Қазақстан Республикасы Азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілетін әуе кемесі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 367 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12038 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылық нормаларына (бұдан әрі – ұшуға жарамдылық нормалары) және ұшу жарамдылығын айқындайтын дайындаушы зауыттың немесе конструкторлық бюроның пайдалану-техникалық құжаттамасының талаптарына сәйкес келеді.
Қызметтің сипаттамасы:
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері ( қол жеткізу арналары) | порталда |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 20 (жиырма) жұмыс күні.
"Бір өтініш" қағидаты бойынша қызметті көрсету мерзімі 25 жұмыс күнін құрайды, оның ішінде:
|
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) / "Бір өтініш" қағидаты бойынша қызмет көрсетілуі. |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке өзгерістер енгізу не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) / "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Сертификаттау үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алым алынады.
Азаматтық әуе кемесін тіркеу үшін алым мөршерлемелері:
|
7 | Жұмыс кестесі |
|
8 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
|
9 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған: Министрліктің – www. miid. gov. kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі, "Азаматтық авиация комитеті" бөлімі; Көрсетілетін қызметті алушы мыналарды алуға мүмкіндігі бар:
|
- әуе кемесін мемлекеттік тіркеуге өтінім;
- құрылтай құжатының (заңды тұлғалар үшін) электрондық көшірмесі немесе жеке басты куәландыратын құжаттың (шетелдік жеке тұлғалар үшін) не нотариалды куәландырылған құрылтай құжаттарының (шетелдік заңды тұлғалар үшін) электрондық көшірмелері);
- мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде меншік құқығын растайтын сатып алу-сату шартының немесе өзге де құжаттың электрондық көшірмесі немесе нотариалды куәландырылған сатып алу-сату шартының немесе ресми аудармасы бар ағылшын тілінде меншік құқығын растайтын өзге де құжаттың электрондық көшірмесі (шетелдік жеке және заңды тұлғалар үшін);
- әуе кемесіне ортақ меншік құқығындағы үлесті әуе кемесіне меншікке қатысушы болып табылмайтын тұлғаға сату кезінде (үлестік меншік кезінде) үлестік меншікке қатысушылардың жазбаша келісімін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі);
- жалдау, лизинг, мүліктік жалдау шартының, әуе кемесін мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде пайдалану құқығын растайтын өзге де құжаттың электрондық көшірмесі немесе нотариалды куәландырылған жалдау, лизинг, мүліктік жалдау шартының, әуе кемесін ағылшын тілінде пайдалану құқығын растайтын өзге де құжаттың ресми аудармасы бар электрондық көшірмесі (шетелдік жеке және заңды тұлғалар үшін);
- азаматтық әуе кемесін қабылдау-тапсыру актісінің электрондық көшірмесі;
- әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру актісінің электрондық көшірмесі;
- азаматтық әуе кемесін әзірлеуші мемлекет берген үлгі сертификатының немесе оның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігін куәландыратын оған балама құжаттың электрондық көшірмесі.
Болған жағдайда келесі құжаттар ұсынылады:
- Азаматтық әуе кемесінің мемлекеттік авиация тізілімінен немесе шет мемлекеттің азаматтық әуе кемелері тізілімінен шығарылғанын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
- ұшуға жарамдылығының экспорттық сертификатының электрондық көшірмесі;
- әуе кемесін қайта жабдықтау туралы
- әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы туралы дайындаушы зауыт берген уақытша куәліктің электрондық көшірмесі;