
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Хорватиялық Inxelo Technologies LTD компаниясымен бірлесіп ұшу қауіпсіздігі технологияларына арналған іс-шара өткізді. Мақсаты – авиация саласында ұшу қауіпсіздігі саласындағы заманауи технологияларды енгізу тәжірибесімен алмасу.
Күн тәртібіне ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаңа технологияларды пайдалану мәселелеріне қатысты негізгі тақырыптар енгізілді. Атап айтқанда ұшу қауіпсіздігін басқаруға жасанды интеллект сияқты жаңа технологияларды енгізудегі рөлі және сын-қатерлері, авиация саласында жаңа технологияларды қолдануға байланысты мүмкіндіктер мен тәуекелдер, ұшу қауіпсіздігі саласындағы заманауи технологияларды қолданатын әуе компаниялар мен сарапшылардың ұсынған практикалық тәжірибе және талдамалық тұжырымдары.
Кездесу барысында қатысушылар ұсынылған ақпаратты талқылап қана қоймай, ақпараттық жүйелердің көмегімен ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін тиімді енгізу бойынша өз тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік алды.
Іс-шараға отандық және шетелдік әуе компанияларының, әуежайлардың, аэронавигациялық қызмет көрсетушілердің, авиациялық оқу орталықтарының, сондай-ақ авиациялық техникаcына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарының 70-тен астам маманы қатысты. Олардың қатарында «Қазаэронавигация» РМК, Алматы халықаралық әуежайы, Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы, Ақтау халықаралық әуежайы, Шымкент және Сарыарқа әуежайларының, сондай-ақ Air Astana, Dala Air, Fly Jet.kz, Qazaq Air, SCAT, Бурундайавиа, Alpha Sky, Alaman Air, Comlux-KZ және FlyArystan әуе компанияларының өкілдері, Азаматтық авиация академиясы, Авиациялық оқу-жаттығу орталығы, № 405 авиажөндеу зауыты, AeroExpert, Airbus Helicopters Kazakhstan Engineering және Kaz Air Maintenance & Support (KAMS) ұйымдарының мамандары, сондай-ақ Air Kg Air Company, Air Arabia Academy, Asman Airlines Air Company, Fly Play Europe, International Air Transport Association (IATA), Malaysia Aviation Group (MAG), My Freighter, Turkmenistan Airlines, Supreme Aero Support және Active Partners Aero компанияларының өкілдері болды.



