Кіру

Басты бет >
Ұшуды пайдалану департаменті

Ұшуды пайдалану департаменті қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация саласының орнықты дамуына, ұшу қауіпсіздігінің деңгейін арттыруға жәрдемдесу болып табылады

Негізгі міндеттер:
Ұшу қауіпсіздігі саласында алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибені енгізу арқылы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылау және қадағалау жүйесін құруға қатысу.

Британдық азаматтық авиация агенттігі мен ЕО авиация қауіпсіздігі агенттігінің моделі бойынша стандарттарды тиімді енгізу мен орындауды қамтамасыз етуге қатысу

Ұшуды пайдалану департаменті әуе кемелерін пайдаланушылардың қызметін сертификаттауды, бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады

Сертификаттау
Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация саласындағы субъектілерін сараптау және сертификаттық тексеру.
Оператордың өтініші бойынша және/немесе инспекторлық тексерулердің нәтижелері бойынша пайдаланушы сертификатын (куәлігін) беруді, ұзартуды, өзгерістер енгізуді, тоқтата тұруды және кері қайтарып алуды ұйымдастыру.
ӘК операторларының басшы құрамының сәйкестігін тексеру және бекіту.

Бақылау және қадағалау
Жеке және заңды тұлғалардың әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігі талаптарын сақтауын тексеру;
Жеке және заңды тұлғалардың ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметін бақылау мен талдауды қамтитын бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандары.

Пайдаланушыларды қосалқы әуеайлаққа күтім жасау уақыты ұзартылған маршрутта (КЖУҰМ) қосалқы әуеайлаққа дейін ұзақтығы 60 минуттан астам газ турбиналы қозғалтқыштары бар ұшақтардың ұшуын жүргізуге жіберу, оларды бақылау және қадағалау жөніндегі Басшылық ( Қазақстан Республикасының пайдаланушыларын ХААҰ-ның екінші және үшінші санаты (САТ II, III) бойынша қонуға дәл кіруді орындауға жіберу пайдаланушыларды бақылау және қадағалау жөніндегі Басшылық (Inspector’s Handbook № 006). Минималды жабдықтар тізбесін (МЖТ)/конфигурациядан ауытқулар тізбесін (КАТ) бекіту жөніндегі Басшылық (Inspector’s Handbook № 007). Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды сертификаттау рәсімдері жөніндегі Басшылық (Inspector’s Handbook № 009) Авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушыларды сертификаттау рәсімдері жөніндегі Басшылық (Inspector’s Handbook № 009/1). Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының ҰПБ-ны тексеру жөніндегі Басшылық (Inspector’s Handbook № 009А). Авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушылар үшін ҰПБ-ны тексеру жөніндегі Басшылық (Inspector’s Handbook № 009А / 1) КЭБ тексеру жөніндегі Басшылық (Inspector’s Handbook № 009B). Пайдаланушының ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін (ҰҚБЖ) мақұлдау жөніндегі Басшылық (Inspector’s Handbook № 011). Авиациялық оқиға немесе оқыс оқиға болған жағдайда борттық өздігінен жазғыштардың жазбаларын сақтау жөніндегі Басшылық (Inspector’s Handbook № 012). Қазақстан Республикасының пайдаланушыларын сипаттамаларға негізделген (ПСН) навигацияны пайдалана отырып, ұшуларды орындауға жіберу жөніндегі Басшылық (Inspector’s Handbook № 020). Қазақстан Республикасының пайдаланушыларына, RVSM/PBCS жағдайында ұшуға рұқсат беру, сондай-ақ оларды бақылау мен қадағалау жөніндегі Басшылық (Inspector’s Handbook № 020А). Пайдаланушылар мен әуе кемелерін MNPS әуе кеңістігінде ұшуға жіберу жөніндегі Басшылық (Inspector’s Handbook № 020В). EFB электрондық ұшу планшеттері жөніндегі Басшылық (Inspector’s Handbook № 021). Коммерциялық әуе тасымалдарын орындайтын пайдаланушыларға және сертификатталған ұшу салмағы 5700 кг-нан асатын ұшақтарды және сертификатталған ұшу салмағы 3180 кг-нан асатын тікұшақтарды пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиацияға тұрақты бақылау мен қадағала Авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушыларға және жеңіл және аса жеңіл әуе кемелерінде ұшуды орындайтын жалпы мақсаттағы авиацияға тұрақты бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі Басшылық (Inspector’s Handbook № 024/1). Жалға алынған әуе кемесін пайдалануға пайдаланушыларды жіберу жөніндегі Басшылық (Inspector’s Handbook № 035). Төтенше жағдайларда эвакуациялау және түзу бойынша нұсқаулық материал Демонстрациялық және арнайы көрсетілім ұшыстарды ұйымдастыру бойынша нұсқаулық материал 29.09.2023 Бұйрық Кейбір нұсқаулық материалды бекіту туралы бұйрық