Ұшуға жарамдылық департаменті

Арнайы ұшуды орындауға рұқсат беру (ұшуға жарамдылығының арнайы сертификаты)
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 198 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларының» (бұдан әрі - Қағидалар) 28-тармағына сәйкес, арнайы ұшуды орындауға рұқсат алу үшін өтініш беруші «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ресми өтінімді жолдайды.
Қызмет тегін көрсетіледі.
Әуе кемесінің арнайы ұшуды орындауға рұқсат алу үшін Қағидалардың 7-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған өтінім беріледі.
Қағидалардың 28-3-тармағына сәйкес, өтінімді қарау және арнайы ұшуды орындауға рұқсат беру мерзімі 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.
Әуе кемесінің жай-күйіне қосымша бағалау жүргізу қажет болған жағдайда қарау мерзімі 3 (үш) жұмыс күніне дейін ұзартылады, бұл туралы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткенге дейін өтініш берушінің "жеке кабинетіне" портал арқылы хабарлама жіберіледі.
Қағидалардың 3-тармағына сәйкес, арнайы ұшуды орындауға рұқсат 30 (отыз) күнтізбелік күнге беріледі.
Әуе кемесінің арнайы ұшуды орындауға рұқсат алу туралы ресми өтінім бермес бұрын, өтініш беруші төменде көрсетілген, азаматтық авиация саласын реттейтін нормативтік-құқықтық актілермен танысуы қажет:
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Заң
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидалары
Әуе кемесіне арнайы ұшуды орындауға рұқсат беру және өтінімді қабылдау рәсімі әдетте келесі тәртіпте жүзеге асырылады:
1) Құжаттарды бағалау және шешім қабылдау;
Құжаттарды бағалау кезеңі өтінім беруші ұсынған барлық құжаттармен егжей тегжейлі танысуды қамтиды. Бұл кезеңде Қағидаларда талап етілген барлық аспектілердің толық қамтылғаны және дұрыс қарастырылғаны тексеріледі.
2) Шешім қабылдау және сертификатты беру (немесе беруден бас тарту).
Өтінімнің Заңға сәйкестігін қарау нәтижесі бойынша авиациялық инспектор уәкілетті ұйым атынан арнайы ұшуды орындауға рұқсат беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Маңызды!
Сұрақтар туындаған жағдайда келесі электрондық пошта мекенжайына хабарласуыңызды сұраймыз: airworthiness@caa.gov.kz
Ой-пікіріңізбен бөлісіңіз! Бұл сайт парағы туралы пікіріңізді келесі мекенжайға жіберіңіз: airworthiness@caa.gov.kz
Тел: +7 (7172) 79-82-37