Аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету (AIS) және Картография (MAP)
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 21-бабына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші (бұдан әрі - AҚКБ) - Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде әуе кемелерінің ұшуын орындаудың қауіпсіздігін, тұрақтылығын және тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес аэронавигациялық ақпарат беруді қамтамасыз етеді.
Аэронавигациялық ақпаратты және аэронавигациялық карталарды «Аэронавигациялық ақпарат қызметтері» 15-қосымшасының және Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияға (ИКАО) «Аэронавигациялық карталар» 4-қосымшасының талаптарына, «Аэронавигациялық ақпарат қызметтері бойынша басшылық» (Doc 8126) ИКАО құжатымен, сондай-ақ «Аэронавигациялық қызмет көрсету қағидалары. Аэронавигациялық ақпаратты басқару» (Doc 10066).
Аэронавигациялық ақпарат аэронавигациялық ақпарат өнімдері түрінде ұсынылады және AҚКБ-ның интернет-ресурсында орналастырылады.
Аэронавигация департаменті Заңның 10-2-баптарына сәйкес аэронавигациялық ақпараттың қамтамасыз етілуіне бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады, сондай-ақ Заңның 21-бабына сәйкес берілетін аэронавигациялық ақпараттың анықтығын, дәлдігін және уақтылағын қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асырады.
Сонымен бірге, аэронавигация департаменті азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету тәртібін айқындайтын Заңның 14-бабының 41-18) тармақшасына сәйкес әзірленген азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларын басшылыққа алады.