Кіру

SEC2026 Жаһандық симпозиум ИКАО авиациялық қауіпсіздік аптасы 2026 20–22 қазан
Астана
Басты бет

Жер мен аспандағы «Заң мен тәртіп»

Қоғамдық тәртіпті нығайту және көлік инфрақұрылымы нысандарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша «Заң мен тәртіп» бағдарламасы аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде:

«ҚР әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы https://adilet.zan.kz/rus/docs/K940001000_ – құжатта азаматтық авиация қызметінің жалпы қағидаттарын, жолаушылардың, әуе тасымалдаушыларының және әуежай әкімшілігінің құқықтары мен міндеттерін реттейді.

Әуе кемелерінің бортындағы мінез-құлық ережелері https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1900019012 құжатында жолаушыларға ұшу кезінде ережелерді бұзғаны үшін қолданылатын рәсімдерді, шектеулерді және жазаларды анықтайды.

Жолаушыларды, багажды және жүкті әуе көлігімен тасымалдау ережелері https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500011918 – құжатта тасымалдау шарттары, тараптардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ багажға, қол жүгіне және жүкке қатысты ережелер белгіленеді.

ҚР әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру ережелері https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1300008998 құжатында қызмет көрсету, күту аймақтарын ұйымдастыру, тіркеу, отырғызу және әуежай қызметтері мен жолаушылар арасындағы өзара әрекеттесу тәртібі реттеледі.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі (ҚР ӘҚК) https://adilet.zan.kz/rus/docs/K1400000235 – құжатта қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілік белгілейтін баптар бар, атап айтқанда:

440 бап – алкогольдік ішімдіктерді ішу және қоғамдық орындарда мас күйінде болу;
434 бап – ұсақ бұзақылық;
566 бап – әуе көлігі жолаушыларының мінез-құлық ережелерін бұзуы;
567-бап – тасымалдаушының міндеттемелерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы.