Қорғалатын аумақтарға рұқсат беру басқармасы
Қазақстан Республикасының әуеайлақ маңы аумақтарының картасы
Әуеайлақ маңы аумағы - әуеайлақтың бақылау нүктесінен радиусы 46 км жер бетінің учаскесі (Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) пайдалануға жарамдылық нормаларының 1-бөлімінің 1-тарауының 9-тармағы. Жалпы ережелер, 1-бөлім. Әуеайлақтар).
Әуеайлақтың бақылау нүктесі (ӘБН) - әуеайлақтың географиялық орнын анықтайтын нүкте (Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) пайдалануға жарамдылық нормаларының 1-бөлімінің 1-тарауының 21-тармағы. Жалпы ережелер, 1-бөлім. Әуеайлақтар).
ӘБН координаттарын "ҚАЗАЭРОНАВИГАЦИЯ" РМК сайтының "Әуеайлақтар" бөлімінен алуға болады. Ұсынылған тізімнен тиісті әуеайлақты таңдап, 2.2 "ӘУЕАЙЛАҚ БОЙЫНША ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК ДЕРЕКТЕР" бөлімінен ақпаратты табуға немесе файлды жүктеп алуға болады.
Азаматтық авиация әуеайлақтары: АҚТАУ, АҚТӨБЕ, АЛМАТЫ, АСТАНА, АТЫРАУ, БОРАЛДАЙ, ЖЕЗҚАЗҒАН, ЗАЙСАН, ҚАРАҒАНДЫ, КӨКШЕТАУ, ҚОСТАНАЙ, ҚЫЗЫЛОРДА, ПАВЛОДАР, ПЕТРОПАВЛ, СЕМЕЙ, ТАРАЗ, ТЕҢІЗ, ТҮРКІСТАН, ОРАЛ, ҮРЖАР, ӨСКЕМЕН, ҮШАРАЛ.
Мемлекеттік авиация әуеайлақтары: ШЫМКЕНТ, ТАЛДЫҚОРҒАН, БАЛҚАШ