Кіру

Басты бет

Ұшуға жарамдылық департаменті

Үлгі сертификатын тану

             Азаматтық әуе кемесі Қазақстан Республикасы Азаматтық әуе кемелерінің Мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Заңының 43-бабының 2-тармағына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның үлгі сертификаты жарамды деп тануы болған жағдайда тіркеледі.

            Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Заңының  43-бабының 6-тармағына сәйкес шет мемлекет әуе кемелерін сертификаттауды жүзеге асыратын азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйым берген үлгі сертификатын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидаларында белгіленген тәртіппен таниды. 

Үлгі сертификатын тану беру  

Қалай өтініш беруге болады chevron

         Үлгі сертификатын тану туралы шешім алу үшін өтініш беруші электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы немесе «E-otinish» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы өтініш жібереді:Единая платформа приема и обработки всех обращений граждан

Қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері chevron

         Қызмет тегін көрсетіледі.

Өтінішке қосатын қажетті құжаттар chevron

         Үлгі сертификатын тану үшін өтініш беруші өтінішке төмендегі құжаттарды тіркеп қосады:

                  -Үлгі сертификатының өзекті нұсқасы;

                  -Үлгі сертификатына арналған мәліметтер картасының өзекті нұсқасы.

Қызмет көрсету мерзімі chevron

         Қызметті қарау мерзімі Қазақстан Республикасының Әкімшілік-процедуралық-процессуальдық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 76-бабының 1-тармағына сәйкес 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.

         Ескерту: Кодекстің 76-бабының 3-тармағына сәйкес, өтініш негізінде қозғалған әкімшілік процедурасының мерзімі, өтінішті дұрыс қарау үшін маңызды нақты жағдайларды анықтау қажеттілігінен, әкімшілік органның басшысы немесе оның орынбасарының негізделген шешімімен ақылға қонымды мерзімге, бірақ екі айдан аспайтын мерзімге дейін ұзартылуы мүмкін. Мерзімнің ұзартылғандығы туралы әкімшілік процедураға қатысушыға мерзім ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарланады.


Үлгі сертификатын мойындау мерзімінің жарамдылығы chevron

         Танылған үлгі сертификаты мерзімсіз жарамды.

         Ескерту: Азаматтық авиация саласының құзыретті ұйымы берген үлгі сертификатын тану, танылған үлгі сертификатын берген шетел мемлекетінің сертификатты тоқтатқан немесе қайтарған жағдайда, күшін жояды (жарамсыз болады).

Қызметті алу үшін қандай қосымша ақпарат қажет chevron
Өтініш бергеннен кейін әрі қарай қандай әрекеттер жасау керек? chevron

         Үлгі сертификатын тану процедурасы, әдетте, төменде көрсетілген ретпен жүзеге асырылады:

                  -  Өтініш пен тіркелген құжаттарды тексеру;

                  - Тіркелген құжаттардың «Үлгі сертификатын беру және сертификаттау ережелерінің» 19-тармағына сәйкестігін бағалау;

                  - Бағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдау;

                  - Үлгі сертификатын тану туралы шешімді немесе негізделген бас тартуды ресімдеу.



Қызметті алуға арналған қосымша ұсыныстар chevron


         Төменде өтініш беруші Қазақстан Республикасында танылған үлгі сертификаттарының тізімімен таныса алады.


Танылған үлгі сертификаттарының тізімі 


Маңызды!

Сұрақтар туындаған жағдайда, мына email мекенжайына хабарласуыңызды өтінеміз: airworthiness@caa.gov.kz 

Пікіріңізді білдіріңіз!
Осы параққа қатысты пікірлеріңізді мына мекенжайға жіберіңіз:  awtechsup@caa.gov.kz  

Тел: +7 (7172) 79-82-37