Тәуекелдерді басқару
ҚАӘ «Тәуекелдерді басқару жөніндегі нұсқаулық» (AAK-SMS-M.0656) құжаты бекітілген, ол ұшу қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдерді басқару жүйесінің мақсаттарын, міндеттерін, қағидаттарын, құрылымын және функцияларын айқындайды, сондай-ақ анықталған қатерлердің (қауіптердің) салдарын барынша азайту мақсатында бақылау және жұмсарту шараларын қолдана отырып, тәуекелдерді анықтау, бағалау және оларға ден қоюдың құрылымдық тәсілін сипаттайды.
ҚАӘ-тің тәуекелдерді басқару жөніндегі міндеттері мыналар болып табылады:
- азаматтық авиация саласына әсер ететін тәуекелдерді жіктеу жүйесін құру және олардың сәйкестендірілуін, бағалануы мен бақылауын қамтамасыз ету;
- анықталған тәуекелдерді басқарудың бірыңғай тәсілдерін, қағидаттары мен әдістерін әзірлеу және жетілдіру, бұл тәуекелдермен байланысты қауіптердің (қатерлердің) салдарын азайтуға немесе жоюға бағытталған;
- тәуекелдерден туындауы мүмкін салдарларды (шығындарды) қолайлы деңгейге дейін төмендету және ҚАӘ пен Қазақстанның авиация индустриясының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында қойылған мақсаттарға қол жеткізуге кедергі келтіретін тәуекелдердің пайда болуын болдырмау, сондай-ақ 2024–2027 жылдарға арналған Ұшу қауіпсіздігі жоспары бойынша айқындалған тәуекелдерді барынша азайту;
- күтпеген жағдайлар мен елеулі (маңызды) өзгерістерге тиімді ден қою және оларды басқару;
- ҚАӘ -тің жоғары беделін сақтау;
- мүдделі тараптарға ҚАӘ тәуекелдерді тиімді басқаратыны туралы орынды кепілдіктер беру.