Ұшу қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бақылау мен қадағалау
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Заңының 16-2-бабына сәйкес, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жыл сайын тұрақты қадағалауды қамтамасыз ету бағдарламасын қабылдайды. Аталған бағдарлама азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жүргізетін іс-шаралар кешенін білдіреді және оның мақсаты – сертификатталған әуе кемелерін пайдаланушылар мен азаматтық авиация ұйымдарының сертификаттау талаптарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қолдау болып табылады.
«Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Заңының 16-4-бабына сәйкес, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қызметі азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым тарапынан сертификаттауға жатпайтын, бірақ осы Заңның 10-2-бабында көзделген қызмет түрлеріне жататын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуін бақылауды жүзеге асырады. Бақылау жеке және (немесе) заңды тұлғаларды іріктеп және жоспардан тыс тексерулер, олардың қызметінің ұшу қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін бақылау мен талдау, сондай-ақ авиациялық қауіпсіздік жүйесін сынау арқылы жүзеге асырылады.
Ұшу қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бақылау мен қадағалау
-Тұрақты қадағалау жөніндегі бағдарлама - https://caa.gov.kz/kz/deyatelnost/departament-upravleniya/ocenka-nadzora-za-bezopasnostyu-poletov/programma-po-obespecheniyu-postoyannogo-nadzora
-Бақылау кестесі - https://caa.gov.kz/kz/deyatelnost/departament-upravleniya/ocenka-nadzora-za-bezopasnostyu-poletov