Кіру

Басты бет

Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы ұшу-қону жолағындағы операциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағдарламасы

Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы ұшу-қону жолағындағы операциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағдарламасы.

ҰҚЖ-дағы операциялар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағдарламасы — азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым әзірлейтін ұлттық құжат. Бағдарламаның мақсаты — ҰҚЖ-дағы операциялар қауіпсіздігі тәуекелдерін басқару саласында саланың тәсілдерін жүйелеу және біріздендіру.

Бағдарлама:

  • ҰҚЖ-дағы операциялар қауіпсіздігі туралы бірыңғай түсінікті қалыптастырады;
  • тараптардың рөлін, жауапкершілігін және өзара іс-қимылын айқындайды;
  • ҰҚЖ-дағы операциялар қауіпсіздігі жөніндегі жергілікті жұмыс топтарының (LRST) жұмыс қағидаттарын белгілейді;
  • ұлттық және жергілікті жоспарларды әзірлеу тәсілдерін айқындайды;
  • тәуекелдердің алдын алуға арналған ең тиімді пайдалану практикасын сипаттайды.

Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ҰҚЖ-дағы операциялар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі 2025–2029 жылдарға арналған жоспар

Қазақстан Республикасының Азаматтық Авицаиясында ұшу-қону жолағындағы операциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жоспар 2025-2029

2025 жылы уәкілетті ұйым ҰҚЖ-дағы операциялар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жоспарды әзірлеп, бекітті.
Жоспардың мақсаты — барлық мүдделі тараптар іске асыратын қауіпсіздік шараларын жетілдіру арқылы ҰҚЖ-дағы операциялар қауіпсіздігі деңгейін арттыру.

Жоспар:

  • ҰҚЖ-дағы операциялар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған нақты іс-шараларды;
  • оларды тиісті ұйымдардың қызметіне енгізу мерзімдерін айқындайды.

Құжат азаматтық авиация ұйымдары үшін бағдар болып табылады, қызмет ауқымы мен ерекшелігін ескере отырып, осал тұстарды анықтауға және басым шараларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ҰҚЖ-дағы операциялар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі 2025–2029 жылдарға арналған жоспардың негізінде әуежайлар ҰҚЖ-дағы операциялар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жергілікті жоспарларды әзірлейді және енгізеді.