Кіру

Басты бет

Ұшу-қону жолағында (ҰҚЖ) операциялардың қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық жұмыс тобының қызметі

Ұшу-қону жолағында (ҰҚЖ) операциялардың қауіпсіздігін арттыру жөніндегі қызметті үйлестіру, Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы ұшу-қону жолағында операциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағдарламасының ережелерін іске асыру, сондай-ақ оны одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы ҰҚЖ операцияларының қауіпсіздігі жөніндегі жұмыс тобы (National Runway Safety Group, NRSG) құрылды.

NRSG-тің негізгі міндеттері: 

  • Қазақстан Республикасы әуеайлақтарының ҰҚЖ-ларында операцияларды орындауға байланысты проблемаларды жан-жақты зерделеу және кешенді қорғаныс шараларын әзірлеу;
  • Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ҰҚЖ-дағы операциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жоспар іс-шаралары бойынша ұсыныстар енгізу;
  • LRST құруға және олардың тиімділігін арттыруға жәрдемдесу мақсатында консультативтік және үйлестіруші функцияларды жүзеге асыру;
  • ҰҚЖ-дағы операциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша сараптамалық пікір немесе сараптамалық бағалау ұсыну;
  • Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы заңнамасы талаптарынан ауытқулар болған және олар ҰҚЖ-дағы операциялардың қауіпсіздігіне әсер еткен жағдайда ұшу қауіпсіздігінің баламалы деңгейлерін (ҰҚБД) қарау.

NRSG-тің ағымдағы құрамы келесі ұйымдардың өкілдерін қамтиды:

  • «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ;
  • «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ;
  • «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ;
  • «Қазаэронавигация» РМК;
  • «Эйр Астана» АҚ;
  • «FlyArystan» АҚ;
  • VIETJET QAZAQSTAN («Qazaq Air» АҚ).

Ұшу-қону жолағында (ҰҚЖ) операциялардың қауіпсіздігін арттыру мәселелері бойынша ұсыныстар, ескертулер және бастамалар келесі электрондық пошта мекенжайына қабылданады:
NRSG төрағасы – Аэронавигация департаментінің директоры – Бас авиациялық инспектор
Авдеев Олег Алексеевич
e-mail: oleg.avdedeyev@caakz.kz