Омбудсмен – «Қазақстанның Авиациялық әкімшілігі» АҚ Директорлар кеңесі тағайындайтын тұлға, оның рөлі – Қоғам қызметкерлері, еңбек дауларына қатысушылар тарапынан жүгінулер бойынша кеңес беру, өзара қолайлы, конструктивті және іске асырылуы мүмкін шешімдерді әзірлеуге жәрдемдесу (қажет болған жағдайда құпиялылықты сақтау арқылы), әлеуметтік-еңбек мәселелерін шешуге жәрдемдесу, сондай-ақ Қоғам қызметкерлерінің іскерлік этика қағидаттарын сақтауын қамтамасыз ету.
Омбудсменнің негізгі функциялары:
• Іскерлік этика кодексінің ережелерін бұзу туралы мәліметтерді жинау;
• Қызметкерлерге және еңбек дауларына қатысушыларға кеңес беру;
• Қоғам қызметкерлерінің басқа қызметкерлердің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және лауазымды тұлғалардың қабылдаған шешімдеріне (актілеріне) қатысты өтініштерін қарау;
• Дауларды (қақтығыстарды) сотқа дейінгі кезеңде, соттан тыс реттеуге жәрдемдесу;
• Қоғамның лауазымды тұлғаларына келіп түскен өтініштер бойынша дауларды (қақтығыстарды) реттеу жөнінде ұсынымдар беру;
• Жүйелі сипаттағы дауларды (қақтығыстарды) шешу және алдын алу бойынша ұсынымдар әзірлеу;
• Қажетті кеңестер, кездесулер, талқылаулар өткізу, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен, Қоғам қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастыру, келіп түскен өтініштер бойынша қызметкерлерді тыңдау.
Қазақстанның Авиациялық әкімшілігі» АҚ кез келген қызметкері немесе лауазымды тұлғасы тарапынан еңбек заңнамасының, ішкі рәсімдердің және Қоғамның іскерлік этика кодексінің ережелерін бұзу фактілері, сондай-ақ корпоративтік қақтығыс пен мүдделер қақтығысына әкелуі мүмкін жағдайлар бойынша Омбудсменге жүгінуіңізді сұраймыз.
Омбудсмен – Еспотанов Д.
Сенім телефоны, «жедел желі»: +7 (7172) 798234
Корпоративтік электрондық пошта: darkhan.yespotanov@caa.gov.kz
Пошталық мекенжай: 010010, Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимараты, С 2.3 блогы.